Автор: admin

Пабло Пикассоның 11 литографиялық сызбадан тұратын “Бұқасына” қарап отырып бір жайтқа қайран қалам. Ең күрделі техниканы меңгеріп, көркем жанрда майлы бояумен картина салуды үйренген суретші ғана ең қарапайым (бірақ дәл) сызбалы скетч арқылы объектіні төрт-бес штрихпен анық бейнелейді. Және ол төрт-бес штрихі жас баланың шатпағы сияқты емес, композициялық жағынан кәміл дүние болып шығады. Ол қарапайым кемелдікке жету үшін әлгі суретші экспрессионизм, импрессионизм және кубизм сияқты түрлі мектептің тәсілдерін көкейіне тоқып, көзі мен қолын жаттықтырып алады. Сол себепті Пикассоның натурализм жанрындағы алып бұқасы да, символизм жанрындағы арық бұқасы да шынайы көрінеді. Сөзбен сурет салу да осындай нәрсе. Көркем әдебиет оқып, классиктердің…

Read More

Кеудесінде кені бар, кең пішілген аға,ұлттың қамын қайрап, қайранына қайғырумен өткен секілді.Тұрсекеңнің сол бір даладай данагөй жанынан сая көрген жандардың бірі мен едім.Боз жусанның бұрқағындай бұлқына келетін түзем иісті абыз — ақыл, зау сеңгірден тау құдыретін сүйрей келіп, кілең нақылымен баурайтын — Ұлы қазаққа жолыққан күнім тіптен аз.Аз болса да сау уағыз тағынып, таңданып өткен һәм уыз жамылып ұйықтаған уақытым — сағыныш! Тайдың таңбасындай жып-жылы, ұлт сыналы дегдар лепелері күн өткен сайын құлыққа ұялайды екен… Әу, баста аңыз ағаның келісті кейіпін Сәкеннің тағдырымен бірге тапқам. Соңынан Керіөлеңнің кемерімен желемектетіп Бурхан-Халдун сапарында жүрген жерде Мағауин ағамнан еңселі «Хан» үзесіне тең егенің…

Read More

Түсінемін, тіл мәселесінің талқылауы әдетте дауға айналып кетеді. Бірақ біз оған басқа қырынан қарап көрсек. Егер мемлекет аппаратының ішкі жұмыс тілі біреу ғана болса, нақты не өзгерер еді? Соны ойланып көрейік. Бұған тіл мәселесі деп емес, мемлекетті басқару жайлы сұрақ деп қарасақ. Қазір жүйе қалай жұмыс істейді? Елестетіңіз, бір министрлік бұйрық дайындауы керек. Алдымен құжаттың мәтіні әзірленеді, артынан екінші тілдегі нұсқасы жасалады. Екі мәтінді салыстырады, сәйкестігін тексереді. Егер негізгі мәтінде бір сөз, не бір сөйлем өзгерсе, екінші тілдегі мәтінді де өзгерту керек. Оны қайта тексеру керек. Яғни бір құжаттың мазмұны бірнеше циклдан өтеді. Әр цикл қосымша уақытты, қосымша шығынды арттырады.…

Read More