Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Инвестициялық дипломатия.
Басты ақпарат

Инвестициялық дипломатия.

17/08/20261
Инвестициялық дипломатия. Тоқаевтың толық 7 жыл президенттігі барысында Қазақстанға 162 миллиард доллар инвестиция келген
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқарған кезеңіндегі сыртқы саясаттың көзге түсе бермейтін, бірақ экономика үшін аса маңызды бір ерекшелігі бар. Көбіміз оны білмейміз. Мемлекет басшысының шетелдік сапарларының едәуір бөлігі саяси келіссөздермен аяқталмайды. Президент барған елде ірі бизнес өкілдерімен жеке кездеседі, инвестициялық дөңгелек үстел өткізеді, нақты компанияларды Қазақстанға шақырады. Кейін сол келіссөздердің көбісі инвестициялық келісімге, зауытқа, электр станциясына, логистикалық орталыққа немесе нақты капитал ағынына айналған.
Енді осы корреляцияны цифрмен тексеріп шығайық. Ұлттық банктің 2026 жылғы 30 маусымда жаңартылған статистикасы бойынша, Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторлардан түскен жалпы инвестиция ағыны 2019–2025 жылдары шамамен 155,8 млрд доллар болды. Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында тағы 6,3 млрд түсті. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылдың наурыз айынан мемлекет басқарғанын ескерсек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында оның президенттігіне толық 7 жыл толды. Сонда жеті жылда елімізге 162,1 миллиард доллар инвестиция келген. Әр жылда орта есеппен 23 миллиард доллар келіп отырған.
Тіпті жылдар бойынша динамиканы қарап шыға аламыз. 2019 жылы 24,4 миллиард, 2020 жылы – 17,2 млрд, 2021 – 23,8 млрд, 2022 – 28,2 млрд, 2023 – 23,9 млрд, 2024 – 17,9 млрд, 2025 – 20,5 млрд, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 6,3 млрд доллар инвестиция тартылған. Рекорд 2022 жылы қойылған. Дәл сол жылы Президент Тоқаевтың бір күн дамылдамай сапарлағаны есімде. Сонда әр сапар экономикамыз үшін нақты есептелетін доллар болып эффектісін берген. Бұл инвестициялық дипломатияның көзбен көріп, қолмен ұстай алатын жемісі.
Елдер бойынша айтсақ. Президенттің Оңтүстік Кореяға, Германияға, Түркияға, Сауд Арабиясына, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалған сапарларынан кейін сол елдерден аққан инвестиция көлемі екі есеге өскен. Ал Катар және Қытаймен байланыс тіпті феноменалды көрсеткішке алып келді. 2023 жылы дейін Катардың Қазақстанға инвестициясы небары 9 миллион доллар болса, 2025 жылы бұл көлем 1,26 миллиард долларға дейін, яғни 14 есе өскен. Қытайды алатын болсақ, ол тіпті стратегиялық инвестициялық әріптес деңгейіне көтерілді. 2019 жылы Қытай бізге 1,69 миллиард доллар инвестиция берсе, 2025 жылы көрші елден 2,83 миллиард доллар тартылды. Биыл бұл рекорд тағы жаңаруы мүмкін.
Бір нәрсені түсіну керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ елінің басшылығына әлемдік экономика ауыр жағдайда тұрған кезде, пандемияда өндіріс пен сауда толық тоқтаған кезде, инфляцияның өршіп, капитал нарығының дағдарысқа ұшыраған уақытында, соғыс басталып Ресейге санкциялар салынған қиын кезде келді. Ол ел басқарған бір де бір жыл мамыражай болған жоқ. Мұнайдың бағасы барреліне 60-65 доллардан көтерілмей қойды. Бүкіл әлем, тіпті дамыған елдердің өзі артық капитал үшін, инвестициялар үшін қатты таласты. Бұл уақытта жылына 23 миллиард доллар инвестция тартып отыру Қазақстан үшін ерлікпен парапар еді. Ол үшін әр елдің бизнесімен, нақты бір кәсіпорын директорымен жеке-жеке кездесу қажет болды. Тоқаев бәрінің көңілін тапты. Қазақстанның перспективасы мен болашағына сендіре білді. Құрғақ уәде берген жоқ, нақты сандар мен жол картасын ұсынды. Гарантия берді. Сол кезде инвестор сенді. Және Қазақстанға келгеніне қазір ешбір инвестор өкінбейді. Олар үшін еліміз жемісті болды, нақты дивидендтерін жыл сайын алып жатыр.
Бастысы, мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа инвестициялық картасын жасады. Инвесторлар баяғыдай АҚШ пен Нидерланды ғана емес, Корея, Сингапур, Катар сынды жаңа ойыншылармен толықты. Инвесторлар географиясы кеңейді. Осының артында жеті жыл талмай жүгірген еңбек жатыр.
Айбар Олжаев facebook парақшасынан алынды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЦифрлық Қазақстан тарихындағы өте маңызды тарау дәл қазір Каспий жағасында жазылып жатыр.
Next Article Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201462

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.