СССР бойынша 1921-1953 жылдар аралығында 42,6 млн адам репрессияға ұшыраған. Қазақстанда 1927-1953 жылдар аралығында 103 мың адам жазаланып, 25 мың адам атылған. Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937 жылы 853 адам репрессияға ұшырап, оның 335-і атылған. 1938 жылы 936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған. Бұл деректер БҚО мұрағаттар басқармасы дайындаған «Азалы кітапта» жарияланған. (Орал, 2001) Qazybek Quttymuratuly facebook парақшасынан алынды.
Автор: admin
Ұлттың жоқшысы болған «Қазақ» газетін ақтарып отырып, Міржақып Дулатовтың Хазірет Сұлтан кесенесі туралы жазған мақаласы «ұйықтаған ойды түрткендей» сезім кештірді. «Көне қазан» мен «жаңа қазанның» (елу жылда – ел, жүз жылда – қазан жаңа) ернеуіне қатқан қақты жуып кетіретін ұлттың ішкі мәдениеті (иманы) туралы ойламайын десең де, ойландырады екен. «Қазақтар Хазірет Сұлтанның кесенесін жөндейміз деп елден жиған мал мен ақшаны қылғытып қойыпты». Аруақты сыйламаған елдің тірлігінен көңілі қалған Міржақыптың жүз жылдан кейінгі балалары – біз: «Бүгін кімбіз?» деп өзімізге-өзіміз үңілуге қақымыз бар шығар. Бірақ, айдың, күннің аманында қолды боп кеткен он миллиард долларға жарымаған жалақыдан ұсталатын бәжі-салық пен қуықтай…
Сабина Алтынбекова. ©Instagram Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық БАҚ-тың тұжырымы бойынша ең көрікті спортшылардың тізіміне кірді, — деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz ке сілтеме жасай отырып. «Соңғы кездері Азияның ең көрікті спортшылары туралы айтыла бастаса, 2014 жылы аса танымалдыққа ие болған Сабина Алтынбекованың есімі ойға бірден оралатын болды, бірақ оған спорттың басқа түрімен айналысатын қыздар лайықты бәсекелес бола алады. Қызықтыңыздар ма?», — деп бастапты рейтинг авторы өзінің материалын. Азияның ең көрікті спортшы қыздарының тізімін мына жерден көруге болады. Еске сала кетейік, 18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық…

