Автор: admin

1980 жылдары еркін күрестен Қытайдың бірнеше мәрте чемпионы атанып, аты аңызға айналған алтайлық қазақ балуан Солтікен Көкішұлы зейнет жасына таяй бере поэзияға ден қойған. Еркін күрестен аса ауыр салмақта Қытайдың бірнеше дүркін чемпионы атанған Солтікен Көкішұлы – халықаралық жарыстарға қатысқан шет елдегі алғашқы қазақтардың бірі. Ол 1952 жылы Қытайдың Алтай аймағында «Қызылтас» ауылында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, арғы аталары совет үкіметі орнай бастаған тұста Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Қаратал деген жерден Қытайдың Алтай аймағына ауған, «мыңғыртып мал айдаған ауқатты» болған. Әкесі «бай-манап» ретінде Қытайда да қудалауға ұшыраған соң Солтікенді де мектептен шығарып жіберген. «Әуелі қозы бақтым, ер…

Read More

Бүгінгі қазақ – мың жылдан бері біртұтас халық. Беріден сызғанда жеті-сегіз ғасыр. Жошы ұлысы – Алтын Орданың рулық құрамына қараңыз.  Түгел өзіміз. Қазақ Ордасы тұсында Алаш ұранымен біржола ұйысыппыз. Үш жүз, немесе Үш Алаш – этникалық емес, әкімшілік, аймақтық бөлініс болатын. Жүздер, ішінара алғанның өзінде де, басқадан етене, жақынырақ туыстық жөнімен емес, жер ыңғайы бойынша жіктелді. ***** Обалы қазақтың өзіне болатыны – отбасында орыс тілінде сөйле деп кім нұсқау беріпті. Ана тілін білмегендерге айрықша сыбаға бар деген де жарлық шықпады. Өкімет пен партия тарапынан, басқа болса да, дәл осындай шешім, қаулы түспегеннен соң, қыжыртпай айтсақ, тағдырлас алыс-жақын көршіңіз – ұлттық…

Read More

2015 жылғы 10-19 наурыз аралығында Семей гарнизонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерінің батальон (дивизион) командирлері менолардың орынбасарларының қатысуымен  командирлік даярлық жиыны өтуде. Жиын 28738, 36803, 54770, 30217 әскери бөлімдерінде, сондай-ақ оқу-жаттығу орталығында өтуде. Жиынның басты мақсаты – батальон (дивизион) командирлері мен олардың орынбасарларын тактикалық даярлыққа, барлауға, ракета әскерлері мен артиллерияны жауынгерлік қолдануға, тылдық, техникалық, инженерлік қамтамасыз етуге және радиоэлектронды күреске үйрету. Сонымен қатар, әскери қызметшілер озық тәжірибелерді зерделеп,  оны офицерлерді оқыту және тәрбиелеу ісінде қолдануды, сондай-ақ батальон (дивизион) командирлері мен орынбасарларының кәсіби даярлығы мен практикалық дағдыларын арттыруды машықтанады. Осы тұрғыдақұрылымдық бөлімшелердің мамандандырылған бағыттары бойынша 5 оқу-жаттығу тобы ұйымдастырылғанын атап…

Read More