Қазақ «текті жерден шыққан» деп кімдерге қаратып айтқан? Тек ақсүйектер тұқымына ма? Олай дейін десең, қазақ қарадан оза шапқандарды да «текті» санаған. Би-шешендер, батырлар, ақын-жыраулар, әнші-күйші, сал-серілер, ауқатты адамдар дәріптелген. Яғни, қашанда қасиет-қабілетті қадір тұтқан. Қасиеті күшті, қабілеті мол жандардан тараған тұқымды «текті» деп түсінген. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, әр аймақ, өңірде атағы шыққан әулеттер болған ғой…
Айтып-айтпай не керек, орыс отаршылдығы хан тұқымдарын айтпағанның өзінде, сол мыңдаған текті тұқымдарды тұздай құртты. Қазіргі тілмен айтқанда, бұрынғы қазақ элитасы күйреді, дағдарысқа ұшырады. Әрине, бұл із-түзсіз жоғалды деген сөз емес. Бүгінгі таңда сол мыңдаған әулеттердің жұқа жұрнағы ғана қалып отыр. Ал, олар өздерінің ата-бабаларының бай мұрасын сақтай алды ма? Бұл жерде сөз тек рухани байлық жөнінде емес, материалдық дүние туралы болып отыр. Осы жерде «Сол шығындарды кім өтеуі тиіс?» деген сұрақ туындайды…
Қазіргі таңда қазақ элитасының жаңа буындары пайда болды. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, олардың басым бөлігі өтірік-шыны аралас тәсілдерге, жалпақ тілмен айтқанда, түрлі айлы-шарғыға салып, материалдық байлыққа қол жеткізіп алды. Ендігі сәтте олардың «мұртын балта шаппайды». Осы заманауи қазақ элитасының бір бөлігі қанға сіңген менталитетіне сәйкес өзінің тегін қазбалап, текті жерден шыққанын растауға күш салып жатыр…
Тарихтың доңғалағы кері жүрді…
Zhankeldi Yestenbayev тің facebook парақшасынан алынды



