Автор: admin

Ресей президенті Владимир Путиннің назардан «жоғалып» кетуі жайлы алыпқашпа әңгіменің таралуы жеке адамға негізделген авторитарлық саяси жүйеде биліктің ауысуы – ең күрделі мәселе екенін тағы бір көрсетті. Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведев (солдан оңға) Қызыл алаңда әскери парад басталар алдында. Мәскеу, 9 мамыр 2014 жыл. Владимир Путин билікке келген он бес жыл ішінде сырт әлемге есігі тарс жабық, жеке адам билігіне бағынатын, бәсекелестіктен ада иерархиялық жүйені қалыптастырды. Сондықтан Ресейдегі қоғамдық пікірді зерттеген сауалнамалардың барлығы «Путинге тең келер балама жоқ» деген нәтижемен аяқталып жатады. Егер Путин алдын ала ескертпестен, аяқ астынан саясат сахнасынан кетсе, жағдай қалай болады? Соңғы…

Read More

Жексенбі күні кешкі сағат сегіз шамасында Алматы аймағында болған жер сілкінісінің дүмпуі алматылықтарға да сезілді-деп хабарлайды азаттық радиосы. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы жер сілкінісінің Алматыда сезілуі МSК-64 шкаласы бойынша 4-5 балл шамасында деп хабарлады. «Наурыздың 15-і Алматы уақытымен 20 сағат 1 минутта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде, Қазақстан аумағында 6,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, оның ошағы 15 километр тереңдікте болған» делінген орталық ақпаратында. Алматыда көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар төбедегі люстралар шайқалып, шкаф сөресіндегі ыдыстар сыңғырлағанын айтады. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Read More

   Күні кеше «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы алғашқы отырысы өтіп, онда штабты Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратындығы белгілі болды. Сондай-ақ осы аптада еліміздің орталық атқарушы органдарында еш кадрлық ауыс-түйіс орын аламағанымен жергілікті жерлерде бірқатар тағайындаулар орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды. Сонымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабын басқаратын М.Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. 100 — ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. 1982 -…

Read More