Алдағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың 99,3 % өздерінің дауыстарын береді дейді «Битва экстрасенсов» телешоуының ақтық сынына қатысқан оралдық көріпкел Бақыт Жұматова. Бұл туралы Regtv.kz порталына берген сұхбатында айтты. Көріпкел әйел Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды 2018 жылға дейін басқаратынын айтып отыр. Сондай-ақ, экстрасенс Қазақстанда билік басына әйел адамның келетінін болжайды. Қазір әлемде болып жатқан қақтығыстар, шиеленістер, санкциялар соғысы 2017 дейін жалғасады дейді Бақыт Жұматов. Кейін әлем экономикасы тұрақтана түседі. Ал, 2015 жыл Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай ауыр болмайды, тіпті аздап өсім байқалатын болады дейді. Көріпкел сайлаудан кейін ұлттық валюта теңге біраз өзгеріске ұшырап, доллардың 250-ге дейін өсетінін болжайды. Бақыт Жұматова Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор деп санайды. Ұзамай бұл одаққа…
Автор: admin
«Білім және мәдениет» телеарнасы supercoolpics.com сайтына сілтеме жасай отырып, жойылуға жақын қалған әлемнің 10 халқы туралы фоторепортаж жасады. 1. Самбуру. Кения территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 160 мың адамнан аспайды. 2. Хули. Индонезия және Папуа территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 150 мың адамнан аспайды (Drew Douglas) 3. Бушмендар. Ангола, Ботсвана, Замбиа, Зимбабве, Намибиа, ОАР территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 100 мың адамнан аспайды. 4. Ладакхи. Индия территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 57 мың адамнан аспайды (Patrik M. Loeff) 5. Ненецтер. Ресей территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 45 мың адамнан аспайды (globalconnections) 6. Чукчалар. Ресей территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 15…
«Қазақфильм» киностудиясының қоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты. Бұл күндері ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың әкесі Құнанбай туралы толық метражды фильм түсіріліп болып, дыбысталып жатыр. «Құнанбай» фильмінің режиссеры әрі басты кейіпкер Құнанбайды ойнаған Қазақстан республикасының халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов. Бұл оның екінші режиссерлық жұмысы. Бұған дейін «Біржан сал» фильмін түсіріп, онда да басты рөлді ойнаған болатын. Фильм сценариін Досхан Жолжақсынов Таласбек Әсемқұловпен бірлесе отырып жазған. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай өз заманының нар тұлғасы. Мінезі қатал, кейде тіпті қатыгез болып танылған ол ұлтының қамын жеп, Қарқаралыға медресе, Меккеге үй салдырған. Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық артісі -Жалпы Құнекеңнің…

