Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»ДҚҚ Ақсақалдар алқасы: Елбасы – әлем қазақтарының көшбасшысы
Қоғам

ДҚҚ Ақсақалдар алқасы: Елбасы – әлем қазақтарының көшбасшысы

15/03/20151

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ақсақалдар алқасы мүшелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, Тәуелсіздік жылдары шетелдерден атажұртқа оралған ағайындарға үндеу жариялады.  

«Бүгінгі таңда алыс және жақын шетелдерде 5 миллионға жуық қазақ диаспорасының өкілдері тұрады. Бұл ағайындарымыз қай жерде, қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Соған орай, олар Қазақстан Республикасының атақ-абыройының асқақтап, өсіп-өркендей беруіне бір кісідей тілектес. Қазақ елінің бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген іс-шараларға да айрықша көңіл бөліп, бұл жөніндегі жаңалықтарға ерекше назар аударады. Міне, осы тұрғыдан келгенде, шетелдегі ағайындар үшін Қазақстандағы биылғы кезектен тыс Президент сайлауы – аса маңызды уақиғалардың бірі. Яғни, алдағы уақытта Қазақ елінің тізгінін кім ұстайды, Мемлекет басшысы болып кім сайланады деген мәселе оларды да ерекше ойландырады әрі алаңдатады. Өйткені, Тарихи Отанының Тәуелсіздігі, бақ-берекесі, игі жеңістері дүниежүзінің түкпір-түкпіріндеге бүкіл қандастарымыз үшін бәрінен де қымбат» деп басталатын үндеуде ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының он алтыншы съезінде кезектен тыс президет сайлауына кандидат ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімнің бірауыздан қабылданғанына ерекше қуанышты екенін атап өткен.
«Дүбірі мол дүние дәл қазір дүрбелең шақты бастан өткізуде. Көңілге алаң саларлық жайттар бүгінгі күні тым көбейіп барады. Бәрінен де қауіптісі, геосаясат атты алып аждаһаның оянып, қайта бас көтеруі, әлемнің жағрафиялық картасы бетіне өзгерістер енгізу әрекетінің өршуі болып отыр. Әлемдік экономикалық құрылымды әркім өз мүддесіне сай қайта құруға ұмтылушылық та байқалуда. Бұл ретте әлемнің алпауыт елдерінің назары шикізат көздеріне бай Қазақстан тәрізді елдерге ең алдымен түсіп отырғандығы да жасырын емес. Мұның сыртында, жер бауырлап жылжып, жер бетін тегіс жайлай бастаған әлемдік экономикалық дағдарыс тағы бар. Қалай дегенде де, алдағы кезең көптеген мемлекеттер үшін, оның ішінде сүйікті Қазақстанымыз үшін де ауыр сынақтар мезгілі болғалы тұр. Іштегі, сырттағы барша қазақ пен барлық қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтауға тиісті ел Тәуелсіздігіне, іргелі мемлекеттігіне нұқсан келмеу үшін әрекет етер кез келді. Әрине, елдің бірлігі, ынтымағы қажет мұндайда. Ширек ғасыр уақыт бойы небір қиын-қыстау кезеңдерден қазақстандықтарды сүріндірмей өткізген, бүгінгі биік табыстарға қолдарын жеткізген Елбасы төңірегіне тығыз топтасу қажет мұндайда. Осыған байланысты біздер, тарихи Отанына шетелден оралған қазақтар Астанада өткен «Нұр-Отан» партиясының кезектен тыс ХVI сьезі жұмысына үлкен қызығушылықпен көңіл аудардық. Тәуелсіздік жылдарында атажұрт топырағына оралған миллионға жуық (табиғи өсімін ескерсек, жан саны 1,5 миллион адамға жетеді) қазақтың қай-қайсысы да осындай сезімді бастан кешті. Шетелдегі жалпы саны 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы өкілдері де осынау ұлтымыздың ұлы жиынына елеңдей құлақ түргендігінен хабардармыз. Бәріміз қазіргідей дүрбелең шақта тәжірибелі де білікті, талай сынақты бастан өткізген Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын сьезд делегаттары бірауыздан ҚР Президенттігіне ұсынғандығын қуанышпен қарсы алдық» делінген үндеуде.
Сондай-ақ, жаһандағы барша қазақтың Президент Н.Назарбаевты Қазақ елінің Елбасы ретінде ғана емес, жер бетіндегі барша қазақтың көреген көшбсшысы деп есептейтіндігін атап өткен. «Қазақ топырағынан тыс жерлерде алмағайып ғұмыр кешкен, талай саяси науқандарға куә болған біздерге қазіргі кезеңнің күрделілігін, оның сынына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне тығыз топтасу арқылы ғана төтеп бере алуға болатындығын айту – парыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының жиырма жылдан сәл ғана асқан уақыт ішінде бүкіл әлем танып, мойындаған, және әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани салада барынша тез қарқынмен дамыған тәуелсіз мемлекетке айналуы ең алдымен ел тізгінін берік ұстап келе жатқан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. Бұл ретте Елбасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өткізілген Әлем қазақтарының төрт құрылтайында да Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа Төрағасы ретінде дүниенінің түкпір-түкпірінен жиналған ағайындарға Қазақ елін дамыту жөнінде жүзеге асқан жақсы істерді, қолға алынуға тиіс биік мақсат-міндеттерді жан-жақты талдап ортаға салған еді. Соған орай, алыс-жақындағы ағайындар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазақтың көшбасшысы ретінде бағалап, қадір тұтады» деп үндеу жариялаған ақсақалдардың қатарында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары Талғат Мамашев пен Сұлтанәлі Балғабаев, қауымдастық жанындағы ақсақалдар алқасының төрағасы Уақап Қыдырхан және әр елден оралған қандастарымыздан Арыстан Тосын, Аятхан Тұрысбек, Белдеубай Қыпшақбай, Сағидолда Әли, Зейнел Рустем, Меллат Рәметұлы, Дина Бөлешова, Қабден Алтай, Қамбар Өзтемір бар.

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОтпантаудағы Амал тойы
Next Article Сәбит МҰҚАНОВ. Көлік тұрманы

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.