Күні кеше «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы алғашқы отырысы өтіп, онда штабты Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратындығы белгілі болды. Сондай-ақ осы аптада еліміздің орталық атқарушы органдарында еш кадрлық ауыс-түйіс орын аламағанымен жергілікті жерлерде бірқатар тағайындаулар орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды. Сонымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабын басқаратын М.Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. 100 — ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. 1982 -…
Автор: admin
Америкада толқындар да қатып қалып жатыр Оқиға, Тіршілік 14.03.2015 0 37 рет оқылды Американың белгілі фотографы және сёрфері Джонатан Нимефро (Jonathan Nimerfroh) өз ісінің нағыз маманы болып табылады. Ол көбіне-көп табиғаттың таңғажайып құбылыстары мен көріністерін қалт жібермей қағып алуға машықтанған. Фотограф бұл жолы АҚШ-тың шығыс жағындағы Нантакет аралына арнайы барып, жағалауға жете бере қатып қалған толқындар жалдарын түсіріп үлгеріпті. Ақпарат көзі: egemen.kz
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов екі елдің шекарасын делимитациялау туралы келісім жобасын Біріккен Ұлттар ұйымының қарауына ұсынып, халықаралық деңгейде бекіткен жөн деп есептейді. Дәл осы сәтте Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Қазақстанға аумақ ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Демаркация жасалсын, айырбас болмасын Мәжілісте Үкімет сағатын өткізген Ерлан Ыдырысов қазіргі геосаяси оқиғаларды ескере отырып, Қазақстанның іргесін қымтап, ертеңгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сәттің жеткенін айтты. Сөйтіп, Украина оқиғасы Қазақстан үшін де сабақ болып жатқанын жасырмады. БҰҰ екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы келісім жобасын бекітсе, бұл халықаралық құжат қауіпсіздігімізді бекемдеуге кепіл болары анық. Ерлан Ыдырысов бұл мәселенің аса маңызды екендігін қадай отырып, ұзындығы 14 мың шақырым шекараныделимитациялау ісі сәтті аяқталғанымен, демаркациялаудың әлі аяқталмағанын жеткізді. Демаркация жұмыстарының…

