Біз үшін қазақтардың 1837-1847-жылдардағы Кенесары ханның қолбасшылық етуімен тұтас елге қанат жайып, ұлт-азаттық сипат алған көтерілісі әділетті әрі қасиетті соғыс. Өйткені, Әбілқайыр да, Абылай да Ресеймен келісім-шартқа қол қойғанда қазақ елі болашақта генерал-губернаторлар арқылы сырттан басқарылатын отар елге айналатынын болжамаған еді. Дәл осындай отаршылдыққа қарсылық күресті Кавказда Шамиль имамның жүргізгені тарихта біршама белгілі. Ал одан да ауқымды дәрежеде өткен қазақтың азаттық соғысы туралы әлі күнге дейін өзіміз де толық білмейміз. Кенесары, тіптен болмағанда, Ресей империясының автономиясы түрінде болса да, қазақ хандығын қайта қалпына келтірмек болды. Алайда Палкин деген лақап атқа ие болған, тік мінезді және ымырасыз Николай І-ші «бір…
Автор: admin
Алдағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың 99,3 % өздерінің дауыстарын береді дейді «Битва экстрасенсов» телешоуының ақтық сынына қатысқан оралдық көріпкел Бақыт Жұматова. Бұл туралы Regtv.kz порталына берген сұхбатында айтты. Көріпкел әйел Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды 2018 жылға дейін басқаратынын айтып отыр. Сондай-ақ, экстрасенс Қазақстанда билік басына әйел адамның келетінін болжайды. Қазір әлемде болып жатқан қақтығыстар, шиеленістер, санкциялар соғысы 2017 дейін жалғасады дейді Бақыт Жұматов. Кейін әлем экономикасы тұрақтана түседі. Ал, 2015 жыл Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай ауыр болмайды, тіпті аздап өсім байқалатын болады дейді. Көріпкел сайлаудан кейін ұлттық валюта теңге біраз өзгеріске ұшырап, доллардың 250-ге дейін өсетінін болжайды. Бақыт Жұматова Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор деп санайды. Ұзамай бұл одаққа…
«Білім және мәдениет» телеарнасы supercoolpics.com сайтына сілтеме жасай отырып, жойылуға жақын қалған әлемнің 10 халқы туралы фоторепортаж жасады. 1. Самбуру. Кения территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 160 мың адамнан аспайды. 2. Хули. Индонезия және Папуа территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 150 мың адамнан аспайды (Drew Douglas) 3. Бушмендар. Ангола, Ботсвана, Замбиа, Зимбабве, Намибиа, ОАР территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 100 мың адамнан аспайды. 4. Ладакхи. Индия территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 57 мың адамнан аспайды (Patrik M. Loeff) 5. Ненецтер. Ресей территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 45 мың адамнан аспайды (globalconnections) 6. Чукчалар. Ресей территориясын мекендейтін тұрғындар. Олардың саны 15…

