Ресей президенті Владимир Путиннің еуразиялық ақша бірлігін құру мүмкіндігін қарастыруға қатысты тапсырмасына іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанада жоспарланған үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды. Ресей президенті Владимир Путин рубль санап тұр. Мәскеу, 3 шілде 2004 жыл. Парыз БӘЙТЕНОВ Ресей президенті Владимир Путин орталық банк пен үкіметке қыркүйектің 1-іне дейін Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің орталық банктерімен бірлесіп ЕАЭО аясында валюта одағын құру мүмкіндігі туралы мәселені талқылауды тапсырды. Кремльдің кешегі ресми хабарламасын кейбір баспасөз құралдары «ЕАЭО-да ортақ ақша бірлігі мерзімінен бұрын енгізілуі мүмкін»деп сан-саққа жорып жатыр. ЕАЭО аясында ортақ валюта енгізу туралы ұсынысын Ресей түрлі деңгейде бұрын да бірнеше рет жариялаған. Былтырғы рубль…
Автор: admin
2015 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды-деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі . Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінің нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады. Лингвистикалық комиссияның төрағасы М. Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай отырып: «Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ тілін терең меңгергені бәрімізге аян. Осыған қарамастан, Елбасы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарын құрметтей отырып, ұсынылған тақырыптарды түбегейлі ашып, қазақ әдеби тілінің…
Бүгінгі мемлекеттер арасындағы қоғамдық, саяси қатынастар селбесіп жатқан кезеңде әр мемлекет пен халық үшін оның досын, мүдделесін, жанашырын табу қиынға түсіп отырған құбылыс. Әсіресе, Қазақстан секілді дамудың даңғыл жолын бастап, үлкен державалардың арасында өз саяси ұстанымдары мен бағытын қалыптастырып, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға күш салып отырған жас мемлекет үшін. Оның үстіне, солтүстігі мен шығысын Ресей мен Қытай секілді ұлы державалармен шектесіп, оңтүстігінде ислам әлемімен астасуы, Орталық Азия мен Каспий теңізі ресурстарына бәсекелестік мәселесі тағы бар. Міне, «Осындай қым-қиғаш мемлекетаралық байланыстар орын алған кезеңде Қазақ кіммен достаса алады?» деген мәселені белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мырзамен талқылаған едік… – Өзіңізге…

