Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Садуақасұлы Смағұл
Тұлғалар

Садуақасұлы Смағұл

12/10/20130
Садуақасұлы Смағұл

Садуақасұлы СмағұлСадуақасұлы Смағұл 1900 жылы, бұрыңғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында  туған. 1933, Мәскеуде қайтыс болды. Ғалым,сыншы, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері.  1910 жылы  «Ғалия» медресесін , 1915 жылы Павлодардардағы 2 сыныптық орыс-қазақ   училищесін ,1932  жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1918-20 ж. «Центро-сибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет істеген. 1920 ж. Орынборда Қазақстандағы  алғашқы Жастар ұйымының хатшысы, Қазақ Автономиялы респ. Үкімет басшылығында қызметкер, 1925-26 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан» ) газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан»  (қазіргі «Ақиқат» ) журналының  редакторы, 1925-27 ж.  Қазақ АССР-інің  Халық ағарту комиссары, 1927-28 ж. Ташкенттегі   қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарған. 1932-33 ж. Мәскеу- Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы  болып еңбек еткен. Сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі барлық газет, журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары , әңгімелері жарияланып тұрған. Садуақасұлының 1934 жылы  «Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды» көркем туындысы , 1925 жылы «Жастармен әңгіме», 1926 жылы  «Ұлы театр туралы» , 1927 жылы «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» атты үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрген. Твертин аударған «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырының орысша нұсқасын және Ж.Аймауытов, М.Әуезов,Б.Майлиндердің орыс тіліне аударылған бір топ шығармаларына алғы сөз жазған. «Сәрсенбек» романының авторы. С-тың алғашқы зерттеу еңбегі «Қазақ әдебиеті» атты тарихи сын очеркі орыс тілінде жазылып, 1919, № 1санында ,Омбыда шыққан «Трудовая Сибирь» журналында жарияланды.1923 жылы  «Әдебиет әңгімелері» атты зерттеуі, «Салмақбай, Сағындық»,1927 жылы «Күміс қоңырау» повестері жарық көрген.

Күзембайұлы А.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБіржан-Сара айтысы болмаған ба?
Next Article Тоғжанов Ғаббас Садуақасұлы

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.