Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Ұлтқа қарсы заңға қол қоймаңыз!
Қоғам

Ұлтқа қарсы заңға қол қоймаңыз!

29/10/20130

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Сiз елiмiз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiнгi санаулы күндерде-ақ, дәлiрек айтқанда, 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш прези­дентi салауатыңызбен   “Қазақ радиосы” арқылы шетелдер­дегi қазақтарға арнап былай деген едiңiз: “Қымбатты отандастар! Ежелгi атамекеннен жырақтап қалған сiздердi ке­шегi күнге дейiн ата-баба жерi­не қайта келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенiн мен жақсы бiлемiн. “Туған жердiң түтiнi де ыстық” дейдi халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы ел аралық ережелердi басшылыққа ала отырып, Қа­зақстан үкiметi: “Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс iс­теуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандырудың тәртiбi мен шарттары туралы” арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан, атамекенге келемiн деушi аға­йынға жол ашық. Ата-баба аруағы алдарыңыздан жарыл­қасын!” Жан тебiрентерлiк, жү­рекжарды осы сөзiңiзден соң сiзге сенген жат жұрттағы аға­йын ата жұртқа ағылып едi.
Содан соңғы 22 жылда 860 мыңға жуық қандасымыз өз отанымен қауышып, қатарымыз миллионнан астам қазақпен толықты. Бұл, сөз жоқ, ұлтымыздың ұлы жетiстiгi!
Өкiнiшке қарай, жуықта Республика Үкiметiнiң еңбек мигранттарына байланысты әзiрле­ген заң жобасында өз қандастарымызға қарсы бағытталған баптардың тықпалануы және оны қос палаталы парламенттiң мақұлдауы ел-жұртты қатты алаңдатты. Әсiресе, елге орал­ған өз қандастарымызды өз елiнiң азаматтығын алу үшiн табаны күректей бес жыл бойы сарыла күткiзетiн заң талаптарын енгiзудi ешқандай жолмен ақтап алуға келмейдi. Мұндай қадам қызыл империя тұсында алуан түрлi ұлттық қасiреттi бас­тан өткерген қазақтың бү­гiнгi ұрпақтарына бес жыл бойы азаматтық бермеу қазақ халқын одан ары қорлау деп бiлемiз. Өз тағдырын өзiнiң тәуелсiз отанымен байланыстырып, Сiздiң арқаңызда бөлiнiп-жарылған тағдырмен мәңгiлiкке қоштасудан үмiттi ағайындар үкiмет пен парламентке қатты өкпелi! Ен­дiгi жалғыз үмiтi тек Сiзде ғана!
Бiз қазақ зиялылары және қалың қауым ұлтымыздың ұйысуына және ұлттық мемлекетi­мiз­дiң салтанат құруына қарсы бағытталған, ойланбай жасал­ған мұндай қателiктiң кесiрi тарихи әдiлеттiлiктi аяққа таптап, миллиондаған қандастарымыздың үмiтiн желге ұшырып, тағдырын тәлкекке салумен бiрге, әлеуметтiк жiктелiстер мен наразылықтарға мұрындық болатынына қатты алаңдаулымыз. Ең өкiнiштiсi, мұның салдары сiздiң “құйылсын көшiң, жиылсын елiң” деп, табанды түрде бастаған көшi-қон саясатыңыз­ға көлеңке түсiредi, қазақ көшiн құрдымға кетiредi. Ұлттық мүддемiз аса ауыр шығынға ұшырайды!
Қадiрмендi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Бiз сiздiң ұлт мүддесiне қарсы бағытталған мұндай түбi шикi заң жобаларына қол қою арқылы өзiңiз бастаған ұлы көштiң бұйдасын өз қолыңызбен қиып тастамайтыныңызға   сене­мiз!
Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Қабдеш Жұмадiлов, Тұрсынбек Кәкiшев, Мекемтас Мырзахметов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Ғаббас Қабышев, Асылы Османова,        Жанұзақ Әкiм, Зәуреш Батталова, Сайлау Батыршаұлы, Сапабек Әсiпов, Зардыхан Қинаят, Мәмбет Қойгелдi, Әлiмғазы Дәулетхан, Марат Тоқашбаев, Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Артықбай Үкiбаев, Айдос Сарым, Рахым Айыпұлы.
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleDoing Business: Қазақстан 50-орынға шықты ,»Көркею индексінде» Қазақстан 47 орында аталды
Next Article Алаштың айтулы тұлғалары Дон қабірстанында жатыр…

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.