Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»«Қазақстан ашаршылыққа саяси баға беруде Ресейден именеді»
Сұхбаттар

«Қазақстан ашаршылыққа саяси баға беруде Ресейден именеді»

23/11/20130

Украина «1930 жылдардағы геноцид» деп мойындалған Голодомор құрбандарын еске алып жатыр. «Астана сол жылдары Қазақстанда да болған ашаршылыққа саяси баға беруге әлі жасқанады» дейді тарихшы.

Тарихшы Досалы Салқынбек, тарихшы. Алматы, 22 қараша 2013 жыл.

Тарихшы Досалы Салқынбек, тарихшы. Алматы, 22 қараша 2013 жыл.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

23 қарашада Украина 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты – Голодоморды еске алды. Украина парламенті (Жоғарғы рада) 2006 жылы «Голодомор – украин халқына жасалған геноцид» деп мойындаған еді.

Тарихшы Досалы Салқынбек «совет билігі тұсында Қазақстанда да болған ашаршылық – ел тәуелсіздік алғаннан кейін де нақты саяси бағасын алмаған оқиғалардың бірі» дейді.

Азаттық: – Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы астаналық студенттермен кездесу кезінде «Ашаршылықтан қазақ халқының 40 пайызы қырылды» деген дерек келтірді. Қазақстан мұншама ауыр зардабы тиген оқиғаға Украинадағы сияқты саяси баға беруді неге кешеуілдетіп келеді?

Досалы Салқынбек: – Өкініштісі сол – осыншама халық қырылғанымен, біздің үкімет осы уақытқа дейін үнсіз. Ешқандай шаралар да өткізбеді. Тек осыдан екі жыл бұрын ғана Астанада аштық құрбандарына арнап ескерткіш орнатты.

Аштық жылдары көше кезіп жүрген ана мен бала. Қазақстан, 1930 жылдар.Аштық жылдары көше кезіп жүрген ана мен бала. Қазақстан, 1930 жылдар.

Мұның үлкен саяси астары – «стратегиялық көршіміз Ресейді ренжітіп алмайық» деген мәселе бар. Егер ашаршылықты шын мәнісінде қазақ халқына жасалған геноцид деп атайтын болсақ, ол геноцидтің жауапкері болу керек. Оның жауапкері – сол кездегі Совет Одағы.

Совет Одағының шет мемлекеттердегі барлық мүлкіне, басқасына «мен мұрагермін» деп Ресей ие болды. Олай болса, 1930 жылдардағы қазақ даласын жайпап өткен геноцидтің бірден бір жауапкері де Ресей болуға тиіс. Біз «Ресеймен қарым-қатынасты үзіп алмайық, бұзып алмайық» деген психологиядан аттап өте алмай, айта алмай именіп жүрміз.

Азаттық: – Қазақстанда ашаршылық 1933 жылы ғана емес, одан ертерек кезде де болғаны айтылады. Совет өкіметі орнаған алғашқы жылдардағы ашаршылық жайлы қандай мәлімет бар?

Досалы Салқынбек: – Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, Октябрь төңкерісінен кейін қазақ даласында 1918-1919 жылдары бірінші рет аштық болды.

Аштықтан жан сауғалап, ауып бара жатқан ел. Сурет 1930 жылдары түсірілген.Аштықтан жан сауғалап, ауып бара жатқан ел. Сурет 1930 жылдары түсірілген.

Басты себебі – әскери коммунизм саясаты. Яғни қызыл армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін халықтың қолындағы барын тартып алды. Осы кезеңде 1 миллионға жуық адам аштан өлді. Одан кейінгі ашаршылық – 1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Бұл кезеңде 1 миллион 700 мың адам аштыққа тап болды. Осы күнге дейін айтылмай келе жатқан тағы бір мәселе – аштыққа ұшыраған, ата-анасынан айырылған балалардың шет елге жіберілуі. Солардың кейінгі тағдыры әлі зерттелмей келеді.

Әрине, ашаршылықта мерт болған адамдардың санына байланысты алшақтықтар бар. Бірақ ашаршылық (әсіресе 1930 жылдардағы ашаршылық) өте жақсы зерттеліп, тарихи бағасы толық берілді. Ендігі бізге керегі – мемлекет тарабынан берілетін саяси баға. «Бұл геноцид пе, емес пе? Бұл саяси тұрғыдан әдейі жасалған нәрсе ме, әлде кездейсоқ оқиға ма?» деген мәселеде мемлекет тарапынан ешқандай саяси баға берілмей отыр.

Азаттық: – Қазақстан билігі жуық арада совет өкіметі тұсында болған ашаршылыққа саяси баға беруі мүмкін бе?

Досалы Салқынбек: – Жақын арада саяси баға беріледі деп ойламаймын. Өйткені Украина билігі осы мәселені Еуропарламентте көтерген кезде Ресеймен екі арада біраз араздық болды. Ал Ресей – үлкен көршіміз. Қазақстан үлкен көршімен арада салқындық болдырмас үшін ешқандай әрекетке бармайды.

Азаттық: – Әңгімеңізге рақмет.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСәбеңнің қамшысынан өрілген ерлік
Next Article Ашық хат: Ерболат Досаев қызметінен кетсін!

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.