Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»
Спорт

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы матчты тамашалады. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ван ’т Шкип отандық футболмен танысу барысы, көрген ойындары мен ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеу критерийлері туралы айтып берді.

– Қазақстан футболымен танысуыңыз қалай өтіп жатыр?

– Ең алдымен, матчтарды көру арқылы. Мен жаттықтырушылар штабының мүшелерімен және федерация қызметкерлерімен көп сөйлесемін, жекелеген футболшылардың ойындарын көрсететін бейнематериалдарды зерттеймін және, әрине, матчтарға барып жүрмін.

– Ойыншыларды қандай критерийлер бойынша бағалайсыз?

– Менің ойымша, футболшы ұлттық құрама сапында ойнауға қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Құрама сапында көп матч өткізген ойыншылар бар, біз оларды әрі қарай да мұқият бақылауды жалғастырамыз.

Сонымен қатар өздерін көрсете алатын және ұлттық құрамаға шақырту алуға лайықты басқа футболшылардың бар-жоғын да білгіміз келеді. Ұлттық құраманың есігі барлығына ашық. Кез келген ойыншы өз ойынымен лайық екенін дәлелдесе, мүмкіндік ала алады.

Тағы бір маңызды критерий – физикалық дайындық. Біз өте қысқа уақыт аралығында төрт матч өткізуіміз керек. Сондықтан ойыншылар 90 минут бойы алаңда ойнауға немесе матчтың белгілі бір бөлігінде сапалы өнер көрсетуге дайын болуы қажет.

Құрамдағы тепе-теңдік те маңызды. Әр позицияға екі футболшыдан болғанын қалаймыз.

– Қазірге дейін қандай матчтарға бардыңыз және алдағы уақытта қай ойындарды тамашалауды жоспарлап отырсыз?

– Біз «Жетісу» – «Ордабасы» матчын тамашаладық, ал келесі күні «Астана» – «Оқжетпес» кездесуін көрдік. Бүгін «Қайрат» – «Левски» матчын тамашаладым. Осы аптаның соңында «Тобыл» – «Партизан» кездесуіне баруды жоспарлап отырмын, ал алдағы демалыс күндері «Каспий» – «Елімай» матчын көремін.

– Жақын уақытта ұлттық құраманың алдында қандай міндеттер тұр?

– Біздің басты міндетіміз – Ұлттар лигасында жақсы өнер көрсету. Сапалы футбол көрсетіп, ұпай жинап, турнирді мүмкіндігінше жоғары орында аяқтағымыз келеді.

Әрине, біз әрқашан барынша жоғары нәтижеге, яғни бірінші орынға ұмтылуымыз керек. Алдымызға дәл осындай мақсат қою қажетпіз. Оған қол жеткізе аламыз ба, оны матчтар көрсетеді. Дегенмен біз командамыздың мүмкіндігіне сенеміз және осы мақсат үшін күресе алатынымызға сенімдіміз.

kff.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматыда инвесторлардың мәселесін шешу жеделдетіледі
Next Article Қос тілден — бір тілге: мемлекеттік аппарат жұмысы қалай өзгереді?

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201462

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.