Битке өкпелеп тоныңызды итке тастамаңыз. Парламентте кімдер отырмайды. Билік те қолдың кірі. 5 жыл да бір Құдайдың сынағы шығар. Сондайлар отырмасын десеңіз, келіңіз. Біз Сізге зәруміз. Тәуелсіздікті алу оңай болғанымен, оны сақтау қиын болып барады. 1991 жылы келіп, 2001 жылы азаматтығын алған азаматтар бар. Олар ― ел не көрсе соны көріп, ыстығы мен суығына бірге тоңғандар. Қуанышы мен қайғысын бірге бөліскендер. Қытай десін, мейлі мАңғол десін, қайтесіз, мәңгүртпен бірге мәңгүрт боласыз ба?! Ондай лақап атты тек ресейден келгендерге ғана айта алмайды. Өйткені мәңгүрт орыс тілі арқылы осындай бишара жағдайға душар болған. Бірақ Сіз оны мүсіркемеңіз. Емдеңіз. Сіз антивируссыз. Қатсыз. Шипасыз. Күтемін.
Елге қайт немесе шетелдік қандастарға хат
Қыраным бар көгімде қалықтаған
Қалықтаған өрлігі шабыт маған.
Жусанның исі сіңген далам мынау,
Бабамнан мұра қылып алып қалғам.
Сол далам сені өзіне шақырады,
Атырау, Алтай, Арқа атырабы.
Ақберен ұлдарымен көрікті ғой,
Қазағымның қашаннан топырағы.
Жанайқайын баурыңның сеземін де,
Сені ойласам өрт ойнар өзегімде.
Жат жерде жүргендігің жанға батар,
Отыңды тұтатқайсың өз еліңде.
Бауырмалдық қасиет қанға сіңбек,
Тіледім басыңа құт орнасын тек.
Мен сені өгейсітпен жат жерлік деп,
Мен сені қарсы аламын қандасым деп.
Бірлікке шақыратын қайда дүлдүл,
Өрлейік,өркендейік майданда бір.
Өз елің,өзегіңнің ұлтаны бол,
Жат жерде жабырқаған қайран бауыр.
Жетелеп келсе-дағы ілгері үміт,
Қасіреттен жұртымның көргені көп.
Атар таңы біз болып сол елімнің,
Құрғатайық көз жасын бірге жүріп.


