Боздақ Дүзбембетұлы өмірбайаны
Боздақ Дүзбембетұлы (1900_1994) Алтай аймағының Аңсаты жайлауында, малшы семиасынд адүниеге келген. Әкесі Дүзбембет аңшылық, ағашшылық, өрімшілік сынды сан өнердің иесі, алқалы елі аға тұтқан жігерлі де қатаң болған адам. Бірбеткей әке алғаш діни оқып қара таныған Боздақты күнкөрістің күйімен оқудан шығарып, өз өнеріне мұрагер етуге бейімдейді. Боздақ әке касыбын ақсатпай игеруден сырт, үйінен үзілмейтін көрген-білгенді, шешен-шежіре адамдардың кеңесіне ден қойып, олардың нәрлі сөз, хиса-дастарндарын көңіліне тоқиды. Осы бейімділікпен ауыл арасының сауық-сайранына зауқы бұрылып, өлең-жырға елігетін, тамаша ақындық сезімнің жылтын ауыл арасына, құрбы-құрдастарына байқата бастайды. Жас болса да жалыны бар, дарыны зор, мінезі жайлы, әзіл-қалжыңшыл жасты ел ендігі жерде ойын-той, салтанатынан қағыс қалдырмайды. Бала. Боздақтың бұл тұста балуандық қарымдылығы да аңғарыла бастаған. Морт мінезді әке жалғыз баласының болашағынан үміттенсе де, көз-сұқтан аулақ болсын деп, өнерден шектеп, өз касібіне жетелейді. Былайғы жерде Боздақ әке тілін бүрмағанымен, ақындық сезімін өшірмейді, қайта тәңір сыйлаған табиғи таланты өрши түседі. Ауызша айтылып жүрген өлеңдері, және айтыстары ол тұста ауыл арсында базарлы бөлғанімен, шарт-жағдайсыз, мешеу ортада туындағандықтан ешбірі қағаз бетіне түспей кетеді. Кейін, ақын түрлі себептермен еш болған сол еңбектерінің қалың жұртына танылмай кеткенін былай толғайды: .
“баласы Дүзбембеттің, Боздақ атым,
…………………………
Тұсында тағы заман бағым жанбай,
Тұманды күзгі күндей жүрдім салқын.
Тұрмады бір шегелік мыс орнына
Ол кезде өлең – сөзім болса да алтын.”
1947-жылы жан бағудың қамымен тұз тасып касіптеніп жүргенде бандылар тонап, бар сүйенер ат-түйе _ көліктерін, киім-кешегін тартып алып, жапанда жалаңаш-жаяу қалдырады. Осы кездегі жазған «Kөк атанның күиігі», «Tұз басында», «Бандыға» қатарлы өлеңдері сол тұстың қиғылығына айғақ.
Кейін жоғалған малын танып, үкіметке айтып қайтартып алғанын көрген тісбәсті байлар мен билер жалған факыт жасап, ақынды түрмеге алдырады. Жала, жәбірден есінен ауытқыған ақын 1954-жылға дейін ауыру азабын арқалайды. Бұл тұстардағы зұлымдық, надандық, тоғышарлық, бейбастақтықтарды шенеу; заманаға алғыстары ақын жырында айшықталып отырды.
Енді ғана ес жиып, еңсе көтерген ақынның 1962-жылға дейінгі өлеңдерін тар заман, тауқыметты өмір тоздырып жоғалтты. Ол тұстан қолжазба нұсқа да, басылым көрген өлеңдер де болмады.
Осыдан кейін, автономиялы райондық үкіметтің үндеуімен жазушылар одағы қызметкерлеры жерлік авторлармен, халық ақындарымен танысып, оларға мән бере бастаған тұста ақын қаламы серпілді. Өлең-шығармалары газет-журналдарда жариялана бастады. 1963-жылы Іле қазақ автономиялы район құрылғандығының он жылдық тойына уәкіл болып қатынасты. Ақын шабытын тұсайтын да, шарықтататын да орта, осы тойға барып қайтқанша 20 ға жуық өлеңді жазып үлгірді. Осыдан бастап өлең желісі іркіліссіз ағытылды. 1964-жылы Боздақтың «Біздің дәуір» деген өлеңінің атымен, бірнеше халық ақындарының алғашқы жинағы _ «Біздің дәуір» Шинжияң халық баспасынан шықты. 1975-жылы Боздақ Дүзбембет ұлы бастаған он неше халық ақынының жинағы _ «Шашу» Шинжияң халық баспасынан шықты. Бұнда да ақынның ақыл-нақылға толы қыруар өлеңдері жарияланды. 1978-жылы іле қазақ автономиялы облысының тарбағатайдың Болбадайында өткізілген ақындар айтысына, 1979-жылы Іле қазақ автономиялы облысының Қоңыробада өткізілген ақындар айтысына және басқа да сан реткі ақындар айтысына құрметпен қатынасты. Бұл сапарлары да ақын шабытына қанат, жырына тиек болды. Бұл кездерде де жазғаны мол. Әрі осы сапарларында қарт тарлан айтыс аламанына да түсіп, құрбы-құрдас, үлгі алар өрендері ортасында өнер көрсеткені сондағы қатынасқан адамдардың есінде.
1980-жылы «Ертіс толқыны» атты тұңғыш жыр жинағы Шинжияң халық баспасынан жарық көрді. Бұл көп өмірін тар заман, тауқыметты жылдарда өткізген ақынның сексен жасындағы халқына ұсынған бір көлемді еңбегі. Жинаққа төрт жүзден артық өлеңі, қыраур қанатты сөздері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары, мысладары, және бір дастаны кірген.
2009-жылы 1-тамызда халық баспасынан шығарылған сара туындылар _ «Ақжелкен» алманағыны Боздақ өлеңдерімен басталады.
Ақынның бірсыпыра ақылиялық өлең, қанатты сөздері бастауыш, жоғары мектеп оқулықтарына кіргізіліп, ұрпақ санасына сарқылмас нәр бағыштауда. Кейінгі шығармалары газет-журналдарда, түрлі басылымдарда үнемі жарияланып отырған ақын өз дәуірінің шынайы жаршысы, ақылгойы бола білген.
Боздақ Дүзбембет ұлының бетпе-бет айтысы және хат айтысы жайлы нақтылы сақталған нәрселер аз. Бірақ, «Әріптеске» қатарлы бірқанша өлеңдері ақынның айтысына, хат айтысына дәлел. Замандас ақын досы Сымағұл Қали ұлымен бір жолғы ақындар айтысы байқауы сапарында айтылған ұзақ айтысын көп ел “қызық та қырпулы айтыс еді” деп мақтасады. Бірақ, сол кезде таспаға түсіріп не басқалай сақталып алынбағандықтан, ел есіндегі бір ертегі елес болып ғана қала берген. «Сымағұл Қали ұлы мен Боздақ Дүзбембет ұлының айтысы» деген айтыстың «Шинжаң газетінің» мөлшермен 1950-1970-жылдар аралығындағы санында басылғанын білетіндер айтады, бірақ, ол кездің архивтеры табылмады.
Боздақ халық ақыны әрі жыраулық қасиеты басым тұратын ақын. Жыраулар тектес төгіп-толғап жазатын ерекшелігі ақын шығармасын оқыған әрбір адамға белгілі.
Ақын алуан тақырыпта өлең жазған, әрі бұл тақырыптарды бірсыдырғы, бір сарында емес, көп түрлі көркемдік формада жырлады. Айталық, ақын ықшам, мақал-мәтел тектес, әрлі де нәрлі сөздерді екшеп қолданады. Көркем шеберлікпен шешім табатын қататты сөздерінің орны ақын жасампаздығында өзгеше. Абай, Жамбыл, Иса байзақов т . б ұлыларды мектеп еткен ақынның көптеген өлеңдерінің формасы оларға тіке еліктеу емес, ескіні үлгі етіп, жаңаны жарату негізінде келіп отырады. Шешендер атасы Жүсіп Баласағұннан тартып әйгілі қазақ шешендерінің шешендігін жинақтаған _ «Қазақ шешендері және шешендік сөздер» (Іле халық баспасы, 1987-жылы 1-ай) атты кітапқа Боздақ Дүзбембетұлының қыруар шешендік сөздері, қанатты сөздері, отызға жуық шешендік толғаулары кірген. 2010-жылы 11-айдың 28-күні ақынның 110 жылдық өнер тойы _ өнер-шығармашылық талқы мәжілісі оздырылды. 2011-жылы 10-айда «Аманат» атты өлең, толғау, дастан, ақылия-термелер, ән-күй, қанатты сөздерден құрам тапқан тағы бір көлемді жыр жинағы. Шинжияң халық баспасынан жарық көрді.
Басылым алдындағы ақылия-термелер, шешендік жырлар, қанатты сөздер, мысал-жұмбақтар, мақал-мәтел, естеме-естеліктер сынды мол өнегелі ой-толғамдар жинағы _ «Ұлағат» пен өз дәуірінің өр бейнесін, халық қадырын қалтқысыз жырлаған «Замана үні» жыр жинағы ұрпаққа қалдырған тағы бір үлкен ұлағатты еңбегі болмақ.
Боздақ тек ақын ғана емес, домбырашы. Күй де, ән (терме) де шығарған адам. Халық күйлерін нашымен орындай білетін майталман күйші де. «Бұлбұл», «Көкбоянның желісі», «Ертіс толқыны», «Қыран ағысы» қатарлы күйлері бар. Боздақ Дүзбембетүлінің күйшілігі жайлы арнаулы есселер де жарияланған («Алтай аясы» журналы, 1992-жыл, 4-сан, Бақытқан тағайұлы) . Ел аузында және өзі баулыған (күйге) шәкрттері арасында ол кісінің күйшілігі, күй ғылымына қанықтығы жайлы көп әңгіме айтылады. «Ал сөйлейін, жарандар», «Толғаныс», «Артық болмас ақыл сөз», «Кеңес», «Тоқсан бұлақ», «Болмасқа» қатарлы көптеген терме, толғау-әндері ел аузында, өнер сахнасында.
1981-жылы ақын шығармаларына «Толқынындай ертістің, жырладың шалқып ел ісін» деген алқаумен облстық мәдениет мекемесі мадақ сиын ұсынған. Және сол жылдары талай мәрте сыйлық сахнасына көтеріліп, ел-халқының жүрегінен шынайы орын алған. 2010-жылы 28-қарашада ақынның 110 жылдық мерейтөйі (шығармашылық талқы жиналысы) болып отты.қытайдағы елеулі басылымдар, . Шинжияң халық радиосы, . Шинжияң телевизиясы «Шарапат», «Алтын қиық» бағдарламасы (2004 -, 2010-жыл), «20-ғасыр әдебиет қамбасы», «20-ғасыр жұңго қазақ жазушылары», «20-ғасыр жұңго қазақ айтыс ақындары», «. Қаламгерлер сөздігі», «. Алтай аймақтық тарихи материалдары», «Алтай қалалық тарихи материалдары», «Азамат үнінің жарнамасы» т.б қазақ ұлыларын ұлағаттар қыруар жинақ _ сөздіктерден орын алған. Боздақ облыстық, райондық, мемілекеттік жазушылар қоғамының мүшесі, облыстық, райондық, мемілекеттік фолкылор қоғамының мүшесі; ел-халқына еселі үлестер қосқан, “20-ғасырдың жырауы” атанған әйгілі ақын қортып айтқанда сан өнердің иесі, кең білімді, кен өнерлі, кемелді адам болған.


