
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 9-шы министрлер конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжановамен кездескен Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрі лорд Стив Грином осындай мәлімдеме жасады, — деп Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Ұлыбритания Қазақстанның экономикасына инвестиция жасайтын ірі инвесторлардың бірі ретінде оның ДСҰ тезірек кіруне тілектес. Себебі, бұл жағдай ұлыбританиялық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ, өзара сауда-саттық көлемін арттырады», — деп лорд Стив Грином өз сенімін білдірді.
Жалпы, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда саттық 2,3 млрд. долларды құраса, Ұлыбританияның Қазақстанға инвестиция көлемі 11,7 млрд. долларға жетті. Ал, Қазақстанның сыртқы сауда көлемінің 96,51%-ы ДСҰ-ға мүше елдерге келеді. Оның ішінде 41,05% Еуроодаққа мүше елдерге, Ресейге — 17,59%, Қытайға -16,28% тиесілі.
Айта кетерлік жайт, алғаш рет Қазақстан ДСҰ-ға мүшелікке кіруге 1996 жылы өз ниетін білдірген. Тіпті, дәл сол жылы бақылаушы мемлекет мәртебесін де алды. Ал, осы жылдың қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге ДСҰ кіру туралы келіссөздерді бірге жүргізуге ұсыныс білдірді. Жақында ғана Астанада «Посткедендік бақылау механизмін жетілдіру» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жанат Ертілесова: «Қазақстан ДСҰ кіріп қойды, тіпті жұмыс істеп жатыр…», — деп батыл мәлімдеме жасады.
Мөлдір АСҚАР
baq.kz


