1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш рет реформа жасап жазу тарихында «жаңа емле» (төте жазу) деп аталатын әліпбиін жарыққа шығарды. 1913 жылдан бастап 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданды. Қытайдағы қазақтар әлі күнге дейін қолданып келеді. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінің қазақ тіл ғылымына қосқан үлесіне ешкімніңде таласы жоқ деп ойлаймын. Сондықтанда менің айтпағым бұл туралы емес.
Қазіргі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу науқаны басталғалы көптеген адамдар өз нұсқаларын ұсынып, нәсихаттап жатыр. Өз басым солардың ішінде көптеген зиялылардың қолдауына ие болған Арман Байқадам нұсқасымен танысу барысында Ахмет Байтұрсыновтың ережелеріне сәйкес келетінін, және қазақтың барлық дыбыстары сақтаумен қатар 26 латын әріпіне сыйдырғанын байқап, қазірге дейін шыққан нұсқалардың ішінде ең озығы деп тауып бірден қолдауға кірістім. Төменде сол нұсқаның ең талас болып жатқан, түсіну қыйынға соғып тұрған тұстарын Ахмет Байтұрсынов әліпбиімен салыстыра талдап көрмекшімін.
Байтұрсынов әліпбиі 33 әріптен және 34-ші тұрған таңба – дәйекшеден (ء) тұрады (төмендегі суретке қараңыз). Бұл дәйекше жіңішкерту белгісі, былайша айтқанда өзінен кейін тұрған жуан дауысты дыбыстарды яғни «а», «о», «ұ», «ы» дыбыстарын жіңішкертіп «ә», «ө», «ү», «і» дыбыстарына айландырады (ا => ءا, و => ءو, ۇ => ءۇ ى => ءى), осы жерде зер салып қарайтын болсаңыз жуан және жіңішке әріптер бірдей, тек дәйекшемен (ء) өзгешеленеді Осы заңдылық енді Байқадам нұсқасындада орын алады. Байқадам нұсқасына сәйкес дәйекше « ‘ » таңбасымен таңбаланады.¬¬¬ Бұл жердеде дәйекше тек жуан дауысты дыбыстар «а», «о», «ұ», «ы» -ларды жіңішкертіп «ә», «ө», «ү», «і» дыбыстарына айландыру мақсатында қолданылады. Нақтылап Байқадам нұсқасы бойынша жазсам, a => a’ , o => o’ , u => u’ , y => y’ болып өзгереді. Осы жерде ескере кететін жәйіт Байтұрсынов әліпбиіндегі дәйекшенің қою ережесі мұндада сақталады. Яғни «к», «г», «е» дыбыстары бар жерге дәйекше қойылмайды, өйткені ол дыбыстар сөзді дәйекшесізде жіңішке қылып тұрады. Бұл заңдылықты қысқаша мына жұмбаққа сыйдыруға болады:
«К»-ні көрсе ырғиды,
«Г»-ні көрсе сырғиды.
«Е»-бар жерге баспайды,
Өзге жерден қашпайды.
Жұмбақтың шешуі дәйекше (ء немесе ’). Осыны есте ұстаған адам дәйекше қоюдан жаңылмайды. Мысалы, «өгіз» деген сөзді төте жазу мен жазғанда «огыз» («ءوگىز» емес «وگىز») болып жазылады, «семіз» деген сөзде «семыз» («ءسەمىز» емес «سەمىز») болып жазылады, жоғарыдағы жұмбақта айтылғандай «дәйекше» түсіп қалады. Бұл сөзді қазірге дейін төте жазуды қолданып жүрген бірде бір қазақ «огыз» немесе «семыз» деп оқыған емес, яғни бұдан ешқандайда шатасу және қазақ тілінің бұзылуы немесе шұбарлану туындамайды деген сөз.
Байтұрсынов нұсқасындағы 33 әріптің төртеуі осылайша азаяды, ал «ң» дыбысын (ڭ) “ng”, «х» және «һ» (ھ , ح) дыбыстарын “h”, «ч» дыбысын (چ ) “ch” –мен белгілеу арқылы олда азайды, осылайша керемет үйлестік тапқан, өте ыңғайлы, 26 әріптен тұратын Байқадам нұсқасы түзілген.
Қортып айтар болсам Байқадам нұсқасы Байтұрсынов әліпбиіндегі барлық заңдылықтарға жауап береді және ең назар салар жәйіт Байтұрсынов әліпбинің қазірге дейін қытай қазақтарында қолданылып жатуында. Егер жоғарыда айтылған жуан және жіңішке дауысты дыбыс дәйекшемен ажырату арқылы әріп таңбаларын азайтып 26-ға сыйдыру шатастыру тудырады деген күмән туындаса, бұлай істеу қытайда 1912 жылдан бері қолданыста тәжірибеден өтіп жатқанын еске алуымыз керек.