Асқар Наймантаев
Енді 5-наурызда өтетін кешімізді жарнамалау басталды. Студенттер сарайының кассасында 1-ақпан күнінен бастап билеттер сатыла бастайды.
«ТЕРІСҚАҚПАЙ» тарихынан.
«Терісқақпайды» сахнаға қайта шығарғалы жатқан кездері толқуым ба, әйтеуір күніне бір оқиға еске оралады. «Терісқақпай» қалай дүниеге келді дегеннен бастап қояйын.
«Тамашада» елге танылған кезіміз. Қара жер хабар ай…тпасын, Ұлықпан Есенов ағамыз «режиссерлық» жұмысты тек пультте ғана істейтін. Сахналық режиссура, мәтінмен жұмыс істеу, мизансцена,.. олармен жұмысы жоқ. Тек басшы болып жанымызда отыра беретін. Көбіне «көп жұмысты» сылтауратып кетіп қалатын. Ұжыммен мен жұмыс істеп жүрдім. Өнер ортасы болған соң күбір-күбір әңгіме басталды. Бір-екі рет сөз таластырып қалдық. Маған «Тамашаның» басшылық орны керек емес еді, ол кезде әкем театрдан қол боста әрең үлгеріп келіп жүргемін өзімде. Бірақ, кейбір ағайын Ұлықаңа оны теріс жеткізуге тырысты. Бір күні «Менің орныма көз алартып жүрсің» — жегенді өзі де ашық айтты. «Лұқа, «Тамаша» маған қажет емес, мен осындай театрды өзім-ақ бір аптада аша аламын!» — деп салдым. Сол күйі шығып кеттім. Менің артымнан іле-шала «Асқар істемесе, мен де жоқпын» — деп Ұлан шықты. Екеуміз Ұланның мәшинесінде ұзақ отырдық. Менің папкамда жатқан бір дәптерді алып алып, неше түрлі жоспарды қағазға түсіріп, «Терісқақпайдың» тұңғыш жобасын жасадық. Сөйтіп, «Терісқақпай» Ұланның мәшинесінде пайда болды.
Ол кезде компьютер жоқ. Түнімен үйде отырып жобаны жазып, НТК арнасының сол кездегі редакторы (Қазір «Қазақстан-Семей» арнасының директоры) Аманғали Жақсыбаев ағамызға алып бардым. Жобаның сыртына «Қолмен жазғаныма кешірім сұраймын» — деп жаздым. Аманғали ағам «Кешірмесем қайтесің?» — деп қалжыңдай сұрақ қойып, жобаны оқи бастады. Сосын жарты сағатқа шығып кетіп, НТК арнасының басшысы Айдар Жұмабевпен сөйлесіп келді. «Асқар, Ұлан түсіруге қанша уақыт керек?» — деп сұрады. «Тас шайнап, құм түкіріп тұрмыз, қазір-ақ бітіреміз» — дедім. «Жақсы жауап. Ертең техника беріледі, арғы күні монтаж, жексенбі күні эфирге!» — деді. «Терісқақпайдың» үш жыл НТК арнасынан жүрген телеверсиясы осылай дүниеге келді. «Тамашадан» шыға сала өзім айтқандай бір аптада жаңа театр осылай ашылды.
Ұлықпан ағамызбен кейін талай бірге жұмыс істедік, «Тамаша» өзіне қалғасын, ағамыз ол әңгімеге қайтып келмеді. Мен де қозғамадым. «Тамашаның» 25-жылдығынан кейін, Астанадан қайтқан кезде купесіне кіріп отырып, алғысымды айтып, «Енді «Тамашаға» шықпаймын» — деп, қоштастым. Сол поездан түскен соң «Тамашының» 30-жылдығына бірақ келдім. Тек, Лұқаң жоқ еді. Биыл «Тамашаға» 35 жыл! Тым-тырыс…
(Суреттегі «Терісқақпайға» бірден сеніп, жарыққа шығарған Аманғали Жақсыбаев ағамыз)