Мемлекет басқару моделінің түрлері көп. Деседе қазіргі ең көп қолданылатындары: Президенттік басқару, парламенттік басқару, президенттік-парламенттік басқару, парламенттік-президенттік басқару моделдері бар. Тіптен конституциялық монорхияны да қосуға болады.
Тарихи Қазақ мемлекеттері қалай басқарылған?
Әрине, хандық түзімде болған соң белгілі дәрежеде монархия болады. Деседе қазақтың тарихи қалыптасқан ел билеу формасы халықтың еркіне бағынып, қысым халық арқылы ханға түсіп отырғанын ескерген жөн. Мысалы қазақ кез келген адам мұрагер ретінде хандық таққа отыру үшін өзінің сол таққа лайықты екенін дәлелдейтін болған. Яғни «жеті атасын білген жеті жұрттың қамын жейді» — деп тектілікті негізге алады, екінші жағынан «орда бұзған» жауынгерлік ерлігін бағалайды әрі «хан жеті ұлттың тілін білуі керек» деп білімін таразылайды. Міне осы сындардан сүрінбей өткен адам ғана қазақтың әр тайпа-руынан шыққан билер мен абыздардың бір тұтас шешімі арқылы билікке оралады. Билер мен абыздардан құралған кеңес қазіргі парламенттің рөлін атқарғанын түсінеміз.
Сол үшін де ханзадаларды арнаулы «аталықтар» тәрбиелейтін болған. Мысалы Махамбет те Жәңгір ордасында «аталық болған». Аталық ханзаданы білім мен білікке, тәлім-тәрбиеге, ерлік пен елдікке тәрбиелейтін ұстаз. Сол аты шулы аталықтардың тұқымдары қазір сарыарқа даласында да кездеседі. Өкініштісі соларды білетіндер санаулы.
Дәл осы жағынан алғанда, қазақ мемлекеттерінің тарихи басқару түзімі парламенттік-президенттік басқаруға көбірек ұқсайды деп есептеймін. Биліктегі басымдылық кейде ханға кейде билер кеңесіне ауысып отырған. Сенатта – абыздар отырады, ал мәжілісте – билер отырады.
Ал Қазақстанның тәуелсіздік алған кездегі нақты тарихи жағдай президенттік басқаруды қалыптастырды. Деседе басқарудың бұл тәсілі қазіргі Қазақстан үшін өзінің кемшіліктерін көрсетіп, халықтың наразылығын тудырып отыр. Оның үстіне конституциялық монорхияның да белгілері көрінді. Мұндағы себеп парламент өз ролін жеткілікті деңгейде атқара алмауы мен ата заңның халық билігіне гарант бола алмауы. Біздегі қазіргі басқару президенттіктен гөрі президенттік монархияға айналып кеткен. Ал оған қазір халықтың шамасы жетпейді. Деседе пост кеңестік кеңістіктегі соңғы саяси өзгерістер мен саяси ушығулар осы басқару формасын өзгерту мәселесінің туындай бастағанын көрсетуде.
Оған тағы бір себеп, қазіргі халқымыздың елбасы болуға лайықты тұлғаны көре алмауы мен президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының аузынан мұрагерінің атын ести алмауы болып тұр. Бұл жерде халықтың шарасыздығынан президенттің шешімін негізге алып отырғанын көруге болады. Міне бұл қазіргі монархияның қандай жерге жеткенін көрсетсе керек. Бұған президент кінәлі ме, парламент кінәлі ме, халық кінәлі ме? Оны тарих дәлелдей жатар…
Біз осы байланыспен бір бөлім зиялы қауымнан пікір алған едік.
Қазақстанда қазіргі уақытта Президенттік басқару, Парламенттік-президенттік басқару, Конституциялық монархия т.б. саяси жүйелер туралы жиі айтылады. Сіздіңше, Қазақстанға қандай басқару моделі оң болады? Еліміздің геосаяси, ментальдік, посткеңестік т.б. сипаттарын ескере отырып, өз ойыңызды білгіміз келеді.
Ғалым Боқаш, журналист, шығыстанушы, саясаткер:
— Меніңше, Қазақстандағы билеуші топ пен идеологтарымыз «харизмасы күшті саяси көсемдер мен жетекшілер» заманы ХХ ғасырмен бірге тарихқа айналғанын түсінулері керек. Владимир Ленин, Джон Кеннеди, Нельсон Мандела, Маргарет Тэтчер мен Ясир Арафаттардың орнын корпорациялар мен азаматтық қоғамның арасындағы мүдделер шайқасында туған компромистік жобалар басты. «Индира дегеніміз – Индия, Индия дегеніміз – Индира!» деген ұрандар кешегі күнге жарасады, бүгінгі саяси нарыққа өткізу қиын. Бүгінгі лидерлер – ел-жұрты жолына гүл лақтырып, атын естісе болды еңіреп қоя беретін харизма иелері емес, ары кетсе сайлаушылардың 51 пайыз дауысын жинауға қабілетті, белгілі бір әлеуметтік-саяси топтың жиынтық образы ғана. Демократиялық және либералдық құндылықтар мен азаматтық саяси сауаттың жетілуі қазіргі қоғамды осындай өзгеріске ұшыратып жатыр. Сол себепті шынайы даму мен өркениетке ұмтыламыз десек, бүкіл билік пен ел тағдырын бір адамның (көп жағдайда бір отбасы, я бір топтың болып шығады) қолына ұстата салмай, мүдделер тепе-теңдігін сақтау міндетін мойнына алған бір партияның немесе бірнеше партиядан құрылған коалицияның қолына тапсырған әлдеқайда тиімді болар еді. Бір сөзбен айтсам, парламенттік басқару жүйесінен басқа жобалардың бәрі пост-советтік авторитаризм құбылысын ақтап алу, я оған жаңаша жан бітіру сияқты көрінеді.
Сайран Қадыр, Монғолия ұлы құрылтайның бұрынғы депутаты, депутаты, Моңғолия Мұсылман Қоғамын құрушы және төрағасы, дипломант :Әлемдік деңгейге жетем десе парламенттік басқару жүйесін таңдау дұрыс. Президенттік басқару жүйесі коммунистік системаның төңірегінен аса алмай қалғанын бүгінгі ТМД елдерінің жағдайы көрсетті. Ұлттық менталитетті басқарудың қай жүйесіне болсада бейімдеуге болады. Мұны Мұңғұлия дәлелдеді.
Серік Ерғали, мәдениеттанушы, саясаткер: Қай ел үшін де, жаңадан егемен болғандарға басқару формасы елдің бар ресурсы мен әлеуетін шашыратпай, мемлекетті қалыптастыруға сәйкес болуы керек. Бұл бұрынғы кеңестік елдерге де тән қажеттілік. Бірақ бұларға бәріне бірдей президенттік не парламенттік қажет деуге болмайды, егер халық әзір болса — парламенттік дамудың даңғылына салады, ал азаматтық қоғамы қалыптаспаған, саяси элитасы әлжуаз біздің ел секілділерге алғашқы кезеңде президенттік дұрыс, алайда президент елдің ресурсын оңды-солды рәсуә ететін өзімшіл болса, бұдан пайдадан зиян көп. Сондықтан біржақты, бірсөзді пайым айтуға болмайды. Бұл — бүтін бір зерттеу интситутының сараптамасынан шығатын қорытынды. Қазіргі сатыда Қазақстан үшін президенттік басқару формасы ескірді, өзін өзі одан әрі ақтамайтын билеу түрі болуда. Бұған ХХІ ғасыр талабы да қосылып тұр — жаһандану ықпалы молығып барады. Украинадағы жағдай — халық пен сыртқы/ішкі күштердің тоғысу алаңына айналып отыруы осыған куә. Оған жеткізбеудің бір амалы — ұлттық элитаның ықпалының, ұлттық буржуазияның тегеурінді болуының сыртқы саясатқа төтеп бере алу қабілетіне қатысты. Бірақ біз ойнасақ та біраз жерге ішкері кетіп қалдық… апыл-ғұпыл кірген кеден одақты не істеу керек деген басқатырғы пайда болып отыр… Бұған жібермейтін элита мен буржуазия өз сөзін айта алмады. Далалық билеу формасына келсек белгілі — әскери демократиялық басқару формасы екені бұрыннан мәлім. Бұны хандық басқару тәсілі деуге де болады. Бұл билеудің басты қатысушылары — тайпалық бірлестіктердің ықпалдасу күштеінің болуы. Ол енді келмеске кетті. Бізге не де болса, парламенттік басқару формасын орнықтыруға ұмтылыс қажет, басты фактор — ХХІ ғасыр талабы. Енді бұрынғыдай бір лидер, бір ел, бір тағдыр деген тезис ескірді. Әр лидер өзіне керек елді бөліп алу мүмкіндігі зорайып тұр… ХХІ ғасырдың басты ел билеу тәсілі — корпоративтік, лидерлік емес. Оның формасы, көрінісі — парламенттік.Бәлкім,біз үшін парламенттік-президенттік болар, керісінше, президенттік те емес, президенттік-парламенттік те емес. емес.
Жамбыл Ахметбеков, депутат: Қазақстан үшін Парламенттік-президенттік форма керек.
Жүкел Хамай, журналист, ақын: Біздің көп ұлтты, ауызбірлігі аз, біліктілерге тапшы, басқарма жүйесі толық заңдаспаған елге — Президенттік басқару оттай қажет! Егер парламеттік жүйе енсе, қазақтан бас көтеріп сөз айтатын шықпай қалады. ол үшін әуелі саяси төңкеріс жасап, сұрыпталған қазақтар (орыстанғандары емес!) билікті, парламентті қолға алып алу керек, сонан бір ғана заң арқылы басқару механизмін өзгертуге болады
алдымен саяси төңкеріс керек, демократия орнату, оның заңдылықтарын жасап, әділ сайлаудар өткізу керек
Қазақия: Украинаның бастан кешкенін бастан кешіру керек болды ғой. болмаса қырғыздан үйрену керек қой…
Жүкел Хамай: Олардың барлығы заңды қадамдар, бала тудыру қырқынан шығару сияқты. бірақ, өте терең ақыл, терең ұйымшылдық керек… біздің жағдайда, алдын ала өзге ұлттардың алдына қазақ өзі шығып, ауызына қарата алу сол үшін оқу, үйрену, қаржы….т.т. көп нәрсе керек, біз бұлардың еш қайсысына дайын емеспіз, санаға серпіліс жасап, жаңаша ойлау бір күнде бітетін оңай шаруа емес!
Алмасбек Садырбаев, тәуелсіз журналист: Парламеннтік-президенттік баскаруды колдар едім.. Менің ойымша казакстаннын озіне тән жолы болған дұрыс. Олай дейтінім Абай Кара создерінде болыстар сайлауын халыктын емес генерал-губернатордын еншісіне берген дұрыс деген пікір айтқан) Оқып коріңіз. Бірақ бүгінгі күнде ондай жоғарыдан сайланған шолақ-етектердін жағдайын оздеріңіз білесіз… Сондықтан бүгінгі таңға қарасақ парламенттік-президенттік басқару болған дұрыс қой. Болашақта ел баскаруға келген адам биліктің салмағын котерер котермесін кім білсін?!… Менде солай ойлаймын. Былай карасак НАН-да солай ойлауда. Ойткені бүгінгі күнге дейін накты «приемник» топ жарып шыкпады ау. Жане ол кісіге де бар билікті бір қолға тапсыру кауіпті. Осы жерде халык пен биліктін ойы бир жерден шығып тұр ау деймін)))
Бағдал Ақынұлы, тәуелсіз журналист: Ойлағанымды ғана айтсам, көптеген елдердегі Парлементтік басқару жүйесінің басымдық танытатынын білеміз. Қазақстан үшін өз ойым осы Парламенттік басқару жүйесі дұрыс деп ойлаймын. Себебі, әу баста Президенттік емес Парламеттік жүйе құрылғанда, халық биліктен бүгінгідей алшақта қалмас еді. Сондай-ақ осы басқару жүйесіне көп партиялық қоғамның да зор ықпалы болатындығын ескерсе жақсы еді деп ойлаймын.. Солай, Президенттік басқарудағы қазіргі жүйені өзгерту оңай емес, оған уақыт қана емес үлкен өзгерістің қажеттілігі белгілі… өз ойым ғой…
Мұхан Исахан, діни сарапшы: Бауырым менің уақытым жоқ мұның бәріне жауап беруге. Монтьескенің тепе-теңдік тежемелік басқару формасы ескірді, мейлі парламенттік не президенттік болсын әміршіл әікімшіл жүйеге, авториторлық жүйеге жол беріліп жатыр, демек мемлекет басқарудың жаңа формасын ойлап табуымыз керек.
Қуандық Шамахайұлы, халықаралық журналист: Парламенттік басқаруға көшу ең тиімдісі. Себебі, дара биліктің, диктаторлықтың зардабын жетпіс жыл бойы тартып, тоталитарлық режимнен тәуелсіздік алған елдер үшін бұл ауадай қажет. Жарайды, Қазақстан үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында президенттік билік қажет болған шығар. Енді міне, жиырма жылдан асты. Президенттік билік өз жемісін берді, миссиясын атқарды. Келесі кезең бірден парламенттік басқаруға көшкен демократиялық құндылықтарды қалыптастыруға, атқарушы биліктің жұмысын қадағалап, есеп берушілік, ашықтық, жариялылық талаптарын қамтамасыз етуге қажет. Бізден жиырма жыл бұрын парламенттік басқару жүйесін таңдаған Монғолия кімнен кем? Даму жағынан ешкімнен кері қалып жатқан жоқ. өтпелі кезең баяғыда өтті ғой. Халық әлдеқашан дайын. Осыны ресми билік өз бастамасымен қолға алмай кешеуілдетсе, халық талап ете бастайтын болады. Сондықтан, билік өзі ең алдымен мүдделі болғаны абзал
Қазақия: Билік келесі президент болатын адамды таңдай алмай отыр немесе көре алмай отырған сияқты. бұл билікті жаңа басқаруға алмасуға итермелемей ме?
қазір олар өздерінің потенциалын тауысқан сыңайлы. Жиырма жыл үзіліссіз ел басқару оңай деймісің. Аралықта ел басқару сенат спикеріне тиетін шығар. Ол сайлау өткенше екі жыл басқарар. Одан кейінгісін көре жатамыз. Ол дәуірге шейін қазіргі көкем тұра береді, өзі бастама жасап кетпейтіні белгілі.
Сағат Жүсіп, қарт журанлист, саясаткер: Менімше, басқару түрінің сол заманға, сол заманның адамдарының оны қалау-қаламауы, ұнамдық қасиеттері сол заманның шындығында, ақиқатында, басынан кешуінде жатыр. Мен білетін соңғы бір-екі ғасырда бізқандай басқару жүйесін басымыздан кешірдік? Ол — коммунистік шапан киген диктаторлық заманды бастан кешіріп, одан шығып тәуелсіздік алып енді әртүрлі басқару жүйелерін көреміз, оларды бір бірімен салыстыра отырып жақсысын таңдап аламыз ба деп едік, олай болмады. Таңдап алған президенттік басқару жүйеміздің сұрқы мынау -аяғы бір адамға табынуға айналып барады. Президенттік басқару дегеніміз осындай болса, көрмегенім президенттік басқару болсын деген халге жетіп отырмыз. Сондықтан да бүгінгі қазақ өзі бастан кешпеген, оның жаман-жақсы жағын көрмеген парламенттік немесе монархиялық (хандық) басқарудың қандай боларын, оның қазаққа жағар-жақбасын қайдан біледі? Сол жауапқа қосарым аз. Біз қазақ халқы — жауыз патшалардың басқаруын, жауыз бас хатшылардың басқаруын көрдік, сондай заманда өмір сұрдік. Енді қазіргі патшамыздың бұрынғы басқару жүйесінде тәрбиленген адам екені айтпаса да түсінікті емес пе… Мен осы келесі президент, оның мұрагері , биліктің НАН өлмей алмасуы дегенді бос сөз, сандырақ деп санаймын. Мынау тірі тұрғандай ондай ойларды айтпаңдар..
Сүлеймен Жылқыбай, саясаткер:Президентік парламентік басқару дұрыс болар. Қандай басқарма болмасын, президентің, парламентің атқаратын міндетін заңменен бекіту және шектелу керек.
Айдос Жұханұлы, тәуелсіз журналист: Біздегі президенттік басқару жүйесі 1990 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Ол сөз жүзінде. Іс жүзінде хандық, яки суперпрезиденттік билік әбден орныққан. Бәрі бір адамның қолында. Сотты да, Бас прокурорды да, премьер-министрді де, облыс әкімдерін де, Ұлттық компанияның төрағаларын да жалғыз өзі тағайындайды, алып тастайды. Парламенттің төменгі палатасын қалаған уақытында жинайды, көңілі түспесе шашып жібереді. Жоғары жағындағы сенат та сол. Ойынан шыққан адамды ғана қонжитады. Бұл жүйе коррупцияны жаюдың классикалық үлгісі. Кез-келеген мәселе пара беруге апарады. Халық емес, тек совхоз тараған кезде дүние-мүлікті басып қалған азғана кландардың шексіз баюына жол ашады. 22 жылдың ішінде шарықтау шегіне жетті де. Өзара үнсіз тартыс осы кландардың арасында болып тұрады. Ал суперпрезидент күшейіп бара жатқан жағын әлсіретумен ғана отырады. Оған бұл ақпаратты жеткізуші күш ҰҚК қызметкерлері болмақ. Мәселен оңтүстік пен батыс кланы арасындағы тартыс. Шүкеев пен Мусинннің бәсекелестігі. Жол ортада пешкалары Түймебаев пен Досқалиевтің тағдыры. Кейінгі батыстың ауыр салмақтағы екі адамы Мусин мен Тәжиннің саяси сахнадан кетуі. Ендігі құрбан оңтүстік жақтан болмақ. Орыстанған шығыс пен солтүстікте алып клан жоқ. Мұндай жүйе елді өркендетпейді. Тек шикізат шығарушы болып қала береді. Айтпақшы, алыпсатарлықтан да пайда табады. Шығыстан батысқа жіберу және транзиттік жолы үшін қаржыға көміліп отыру. Болды. Өркениеттен қала бермек. Суперпрезидент тәуелсіз партияны жақтырмайды. Өйткені, партия деген сөздің өзі латын тілінде «бөлік», «бөлісемін» деген мағынаны береді. Бассүйегіне құм құйылғанда ғана тояттайтын пенде басшы қайдан бөліссін. Сондықтан президенттік-парламенттік басқару тәсіліне көшкеніміз дұрыс. Бір-бірін қадағалап отыратын көппартиялы болуы шарт. Қазаққа үш түрлі партия керек. Ұлтшыл-демократтар, либералдар және жасылдар партиясы. Оң қанатын кім көбірек жасақтаса, сол партия үкіметті құруы тиіс. Ары қарайғы билікті бөлісудің тармақтары көп. Бастысы 50/50 болса жөн болады. Сонда ғана біз «дамыған 50 ел» деген әңгімені айта аламыз. Қазіргі жүйеде айтылып жүрген бұл әңгіме — қиял-шатпақ, ертегі. Айтпақшы, біздің ассамблея — соқырішек. Оны кесіп алып тастау керек. Қысқаша пікірім осы. Таратып жазсам 20 беттен асар. Айдос Жұқанұлы тәуелсіз журналист
Болатбек Біләлов, антигептил қозғалысының мүшесі, қоғамдық белсенді: 1. Назарбаев — не только первый, но и последний президент РК! Сильная президентская власть которую вобрал в себя Назарбаев дискредитирует в глазах многих вообще институт президентства! И поэтому чем больше сидит на этом посту Назарбаев тем меньше шансов, что будет другой президент. 2. У нас хотя и ест парламент, но отсутствует институт парламентаризма! И дело не только в том, что депутатов Парламента назначают с администрации президента, но и в том, что советское прошлое и назарбаевское настоящее не дают установить основы гражданского общества, а без нее парламент всегда будет служанкой или президента, или олигархических групп! Депутаты у нас живут сами по себе, а народ сам по себе! И поэтому как ни назовите систему: президентско-парламентской, парламентской — сути не измениться! Я думаю Казахстан должен пойти по третьей пути! 3. Когда мы придем к власти то сделаем следующие шаги: Будут созданы 2 органа — временное правительство и суд биев! Вся полно та власти в течение 5 лет будет находится у временного правительства, который каждый год будет уступать свои полномочия — 1 год на аульном уровне, 2 год- на районном, 3 год — на городском, 4 год — на областном, и на 5 году будут созданы возможности для формирования по настоящему народного Парламента — ведь в течение этих 5 лет на местном уровне будут формироваться основы не только местного самоуправления, но будет прежде всего формироваться гражданское общество! Второй орган — суд биев, также будет функционировать 5 лет, но в отличие от временного правительства, она будет заниматься контрольный функцией! Бии будут иметь неприкосновенность и они будут открыто собирать материал на всех должностных лиц временного правительства. Самое главное: все должностные лица временного правительства и их представители на местах в обязательном порядке предстанут перед судом биев! В обязательном порядке! Суд биев может либо оправдать или признать виновным любого чиновника временного правительства. 1 год — суд биев рассматривает дела представителей временного правительства в аульном уровне, 2 — на районом, 3 — городском и тд! Если суд биев признает чиновника временного правительства виновным — то он будет осужден, а если его признают невиновным — то человек остается на свободе, но он теряет право занимать какую нибудь должность после! Эти механизмы нужны Казахстану во первых для реального восстановления института местного самоуправления — основы не только современной демократии, но и традиционного уклада казахов, а во вторых преследует задачу — обновления государственных служащих, никто из назарбаевского периода, и никто из временного правительства не смогут занимать какую нибудь должность в новом Казахстане и это даст возможность приходу новых людей! Когда мы придем к власти — мы будем ее держать 5 лет, и потом уйдем, но уйдем оставляя за собой сильное гражданское общество!
дайындаған Ахметұлы Бейсен














