Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Ораз Жандосов: «Теңге бағамы төмендетілген»
Жаңалықтар

Ораз Жандосов: «Теңге бағамы төмендетілген»

12/02/20140

Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, экономист Ораз Жандосов Азаттыққа теңге девальвациясына қатысты пікірін айтты.

Ерден ҚАРСЫБЕКОВ

Ақпанның 11-і күні Қазақстан ұлттық банкі ұлттық валютаның бір долларға шаққандағы бағамы 155 теңгеден 185 теңгеге дейін, яғни 19 пайызға өскенін жариялады. Экономист әрі ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосов теңге девальвациясының қазақстандықтарға әсері туралы Азаттыққа эксклюзивті сұхбат берді. 

Азаттық: — Осыдан 20 шақты күн бұрын ғана ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов валюта нарығындағы жағдай тұрақты, теңгенің құнсыздануына себеп жоқ деп мәлімдеген еді. Елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін теңгені құлдыратуды негізделген шара деп ойлайсыз ба?Ораз Жандосов: — Импортпен байланысты заттың бәрінің бағасы қымбаттайтыны анық. Тамақ өнімдерінің де, электрониканың да, көліктің де бағасы өседі. Ал жалпы экономиканы алсақ, бұл экспортерлер үшін тиімді, бюджет үшін де аз да болса тиімді, ал халық үшін тиімсіз.

Азаттық: — Өнімі ішкі нарыққа негізделген өндірушілерге ше? Іле-шала олар да өз

Экономист Ораз Жандосов.Экономист Ораз Жандосов.

өнімінің бағасын қымбаттауға кіріспей ме?

Ораз Жандосов: — Қымбаттата бастауы мүмкін, бірақ импорт тауарларындай тым шарықтамайды.

Азаттық: — Девальвация банктен несие алған жандардың жағдайына қаншалықты әсер етеді? Ипотекалық «борышкерлер» мен банкте несиесі бар адамдардың жағдайы қиындауы мүмкін бе?

Ораз Жандосов: — Әрине, біздің елдегі кірісі теңгемен, ал несиені доллармен немесе еуромен алған кез келген адамның жағдайы біраз қиындайды. Бүкіл импорттық тауарлардың бағасы қымбаттайтынын айттым. Сондықтан халықтың тұрмыс деңгейі нашарлай түседі.

Азаттық: — Теңге бағамына рубльдің ықпалы қандай?

Ораз Жандосов: — Екі валюта бір-бірімен байланысты екені түсінікті. Теңгеге қарағанда рубльдің девальвацияға азырақ ұшырағаны туралы Facebook

Ақша айырбастау орны. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.Ақша айырбастау орны. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

парақшамда жаздым. Бірақ инфляция деңгейі оларға қарағанда бізде төмендеу болғандықтан, бұл айырма қаттырақ сезілді. Егер рубльдің құны түссе, теңге де құлдырайды, ал қаншалықты құлдырайды – оны болжау қиын.

Азаттық: — Билік уәде еткендей, доллар бағамының 185 теңге деңгейінде тұрақтап қалуына кепілдік бар ма?

Ораз Жандосов: — Кепілдік деген не? Егер мұнайдың бағасы, рубльдің курсы қатты құбылмаса, әлемдік дағдарыста аласапыран өзгерістер болмаса, ұлттық банк бұл курсты қиындықсыз ұстап тұра алады. Мына курсты тіпті артық төмендетілген деуге болады.

Азаттық: — Инфляция деңгейіне қатысты қандай болжам айтар едіңіз?

Ораз Жандосов: Дәл болжау қиын. Бірақ қазіргі 4,5 пайызға бірер пайыз қосылатын шығар деп ойлаймын.

Азаттық: — Сұхбат бергеніңізге рахмет.

azattyq.org
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанға қандай басқару моделі тиімді?
Next Article «Қатаған қырғыны» немесе Бекасыл әулиенің мұрасы іздеусіз қалады ма?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.