Тəуелсіздік жылдарында алаштанушы — тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һəм Алашорда» (Алматы, 1995), Мəмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (Алматы, 1995) атты монографиялық зерттеулері, дəл осы тақырыпта 4 томдық жəне 3 томдық құжаттар мен материалдар жинақтары, сондай-ақ əдебиет шығармалары жарық көрді. Бұл еңбектер атына заты сай алаштың өзекті мəселелерін зерттеуге негіз болатын құнды шығармалар. Солардың ішінде Алаш əскерінің тарихы бар.
Бүгінге дейін Алаш əскері туралы арнайы қалам тартқан авторлар санаулы. Əзірге қазақ тіліндегі басылымдарда Марат Əбсеметовтың «Ұлттық əскердің де тарихы бар (Ана тілі. 13.02.1991), Күлпаш Ілиясованың «Алаш əскері» (Қазақ тарихы. — №6. 1997.), Ерлан Сайлаубайдың «Алашорда əскері» (Абай журналы. — №1. 2000.) атты мақалаларымен шектеліп отырмыз. Осы мақалаларды қазіргі мерзімді басылымдар мен интернет сайттарында насихаттап жүрген тарихшы Сейтқали Дүйсен (Алашорда əскері туралы. Материалдар жинағы. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ: Астана,2000; Алашорда əскері. Астана ақшамы. 14.08.2007; Алашорда əскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары». Намыс.kz. 13.12.2010). Алаш əскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «…анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі əскер орнына халық милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды. Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ съезінде «мемлекет халі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бəледен сақтану үшін халық əскерін жасау керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ милициясын құру жоспары жасалып, бекітілді» [1].

Алаш немесе Алашорда əскері бастапқыда «халық милициясы», «халық əскері», «алаш əскері», «қазақ полкі» сияқты əртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің астарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын əскер ұғымы жатқаны анық. Сондықтан, Алаш əскерінің іс-қимылдарын 1917-1919 жылдар аралығында жарияланған материалдар мен солардың негізінде жазылған зерттеулер бойынша талдап көрелік.
ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық əскерінің əр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік жəне тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тəртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын [2, 29 б]. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш əскерін құру үшіналдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, əскери мамандар (офицерлер менинструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды. Əрине, пұлсыз Алашордасы да, оның комитеттері де ешнəрсе істей алмайтын еді. Сондықтан, «бұл істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу еді. Орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыра бастады» [3]. Осылайша Алашорда үкіметі адмирал А.Колчак, атаман Б.Анненков, атаман А.Дутовпен, орталықтағы Халық Комиссарлар Кеңесімен келіссөздер жүргізді. Айталық, Алашорданың батыс бөлімі 1918 жылдың көктемінде Мəскеудегі ХКК-нан сұралған 40 млн. қаражаттың 12 млн.-на қол жеткізген [4]. Жалпы Алаш əскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал). Ал əскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12 –ге жеткен. Олардың ұрыс қимылдарыАлашорда үкіметі құрылғаннан кейін күшейді.
Алаш əскерінің оңтүстік-шығыс бөлімі. 1918 жылдың жазындаАлашəскерін құруда ерекше көзге түскен – жетісулық Отыншы Əлжановболды. «Ол Түркістан Комитеті (бастығы О.Шкапский) арқылы қазақмилициясына 500 мың сом ақша алдырып, оны Лепсі казначействосынасалған, бірақ большевиктердің талан-таражына түскен [5]. Көп кешікпей«…большевиктер О.Шкапскийді баласымен бірге абақтыда атып өлтірген»[6]. О. Əлжанов Отанды Қорғау Комитетінің құрамына кіріп, 300-ден астам адамнан əскер жасақтайды [7]. Ақыры осы істің жолында большевиктер қолынан құрбан болады. Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы Ы. Жайнақовтың
мəліметтері бойынша «Жетісудағы большевиктердің жалпы саны 10 мыңнан асқан» [8]. Реті келгенде айта кетейік, 1918 жылдың басында Алаш əскерін жасақтау мақсатында «Жетісу облысындағы қырғыздарды Г.Шахворостов пен Пестов фабрикаларынан шығатын шұға өнімдерімен қамтамасыз ету туралы сұраныс болған» [9].
1918 жылдың басында Зайсанда15 атты милиция шығарылған. Оның құрамында əскери қызметтен қайтқан ноғай солдаттары болды. Алты айда 30 милицияны құру үшін 22 мың сом ақша бөлу жобасы жасалған [10].
Алаш əскерінің шығыс бөлімі. Азамат соғысы басталғандаАлашорданың орталығы Орынбордан Семейге көшкені белгілі. Сөйтіп,олардың алғаш қолға алған ісі халық əскерін құру болды. Бұл туралытарихшы Е.Сайлаубайдың жоғарыда аталған мақаласында егжей-тегжейліжазылған.
Семей облысына қарасты 22 болыстың əрқайсысынан 30 адамнанжинау көзделді. Соның нəтижесінде 700-ден астам қазақ милициясықұрылды. «Əйелі жоқ салт жігіттерге айына 60 сом, əйелі барларға 160сом берілген. Бəрінің киім-тамағы һəм басқа шығындары қазынаданбөлінген» [11].
Семейден бастау алған Алаш əскерін құру ісі еліміздің басқаөңірлерінде де жалғасын тапты. Ұлттық мерзімді басылымматериалдарында «Қостанайда 2-ші қазақ полкі, Жаманқалада (Орск) — 3-ші, 4-ші, Оралда — 5-ші, 6-шы қазақ полктері жасалатыны» туралымəліметтер кездеседі. Сондай-ақ, «Өскеменде қазақ капитаны ХамитТоқтамышев ер көңілді қазақ жігіттерінен 1-ші полк пен офицершығаратын медресе ашқан». 1918 жылдың 29 желтоқсанында Қостанайдағы 2-ші қазақ полкі Қоңырау станциясына (Орынбор губерниясы) бет алған, оның құрамында Елдес Омаров та болған» [12]. Алаш əскерін ұйымдастыруда Х.Ғаббасов, А.Тұрлыбаев, М.Тынышбаев, Б.Мəметов, Х.Тоқтамышев ерекшеленді.
«…Əскерге алынған қазақ жігіттерінің көп уақытқа дейін қару-жарақтары болмаса да, ұрыстан беттері қайтпаған… Мысалы, 1918 жылдың наурыз-қазан айларындағы шабуыл кезінде «жүздіктегі» Балтай Бисебеков пен Қағазбек Дашке баласының (Саратовка), Ахметқали Орманбаевтың (Андреевка) [13] жəне қоршауда қалған 12-ші Алаш полкінің 98 жігітінің ерлігін (Антоновка) бөліп айтуға болады [14].

«1918 жылдың желтоқсан айының ішінде атаман Б. Анненковтың ұйғаруымен тілмаш Жармұхамедов мырзаның Семей мен Алаш қаласынан жинаған 13 800 сом ақшасы 1-ші атты қазақ полкінің пайдасына тапсырылды [15] жəне Алаш қаласындағы А.Бөкейханова, Г.Тынышбаева бастаған əйелдер қауымы «қазақ һəм ноғай əйелдерінің күшімен қысқа мерзімде 1000 пар көйлек-көпшікті дайындап, қазақ əскерін сүзек ауруынан сақтап қалған» [16].
1918 жылдың 8 маусымында Ə.Бөкейхановтың басшылығымен өткен Кеңес қаулысында көрсетілгендей, біріншіден, милиция керек; екіншіден милиция атты болады; үшіншіден милицияға жігіт беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар кім болса міндетті қылып алу Алашордада болсын; төртіншіден милицияға керек ат, ақша жұрттан салықпен алынсын, байдан байша, кедейден кедейше; бесіншіден қанша ат, қанша ақша жинау еркі Облыстық Комитетке берілетін болды» [17].
Ең алдымен «…милицияға бөлінетін адамдар мен қаржы дайын болғанша, офицер, инструкторларды дайындау керек-тін. Екіншіден милицияға қажет қару — жарақ атты казактардан сұралды… үшіншіден соңғы кезде юго-восточный союз деп мойын созғанша, Орал, Орынбор,Сібір, Жетісу атты казактары Алашордасына қараған қырғыз-қазақтармен бірігіп, дербес Шығыс Одағын (Восточный Союз) жасау қолайлы» делінді. Бұл ұсынысты Орынбор атты казактары да қолдады.
Сонда Алаш автономиясына қараған жердің аламайы дөңгеленіп, қазіргісінен гөрі ыңғайлырақ болады жəне Күнбатыс, Солтүстік, Шығыс – үш жағымыздан атты казактар бізге қорғаныш болмақ» [18].
Алаш əскерінің батыс бөлімі. Алашорданың батыс бөлімініңжетекшілері Орал облыстық қазақ сьезіне «1918 жылғы (ақпан) Оралказачествосымен одақтасу жөніндегі (кеңес өкіметіне қарсы) келісімшартты заңдық негізде даярлау; Орал казачествосына заттай жəнеқаржылай көмек беру. Əсіресе, оның əскерін ат-көлікпен, жылқыменқамтамасыз ету; Қазақ офицерлерінің басшылығымен Уфадағы əскериүкіметке «Қырғыз милициясының» атын «Қырғыз халық армиясы» депөзгерту мақсатында жіберілетін адамдарды белгілеу; Жымпитыдан 6айлық юнкерлік қысқа курс ашу. Төменгікоманданың құрамын даярлауүшін сауатты қырғыз жастарын (2 кластық білімі бар гимназистер менреалистер, мектеп мұғалімдері) жəне оларды əскер ісіне үйретуге Оралказачествосынан əскери мамандарды шақыру» туралы ұсыныстарынбілдірді [19].
Уақытша Ойыл Уалаятынан Орынбор атты казак үкіметіне арнайыжіберілген Облыстық земство мүшесі А.Несіпбаев 1918 жылдың 17 –шілдесінде… Орынборда ғаскер үшін қару — құрал табу жайын кеңеспек»болды [20].
Азамат соғысы жылдарында Антанта елдерінің қолдауына сүйенгенүкіметтер құрылғаны белгілі. Солардың қатарында Омбыдағы УақытшаСібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтайжиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) жəне 1918 жылы қыркүйектеқұрылған Уфадиректориясы («Уақытша Бүкілресейлік үкімет»), сондай-ақ Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі де болды.
Алашорда үкіметі азамат соғысы жылдарында аталған Уақытшаүкіметтермен тіл табысып, Орал, Сібір, Жетісу, Орынбор аттыказактарымен тығыз байланыс орнатты жəне оларға Алаш автономиясынресми танужөнінде өтініштер жасады. Сонымен қатар мүмкіндіктерінеқарай көмекберуді сұрады. Осы тұста 1918 жылдың 11 қыркүйегіндеҚұрылтаймүшелерінің Комитеті Алаш автономиясын танығанын жəнеСамараКомитеті Алашордаға қару-жарақ, киім-кешек жағынан көмекбере бастағанын» айта кеткен жөн [21].
Ал, 1919 жылдың 27 тамызында адмирал А.Колчак Орал əскериүкіметі мен А. Кенжин бастаған қазақ делегациясын қабылдаған кездеқазақтардың мемлекеттік мекемелерін құру жұмысына кеткен қаржыныңорнын толтыруға 6 млн. сом көлемінде ақша сұралған жəне оның тезарадаталқыланатыны» айтылған [22]. Елде қалыптасқан осындай күрделіжағдайда Алаш əскері іске кірісті жəне оның ұрыс қимылдарыныңауқымы кеңейді.
Алашорда əскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықтытолық қамтиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:
1. Халық ғаскері //Сарыарқа.-1918.-25 қаңтар.- № 29.
2. Құл-Мұхамед М. Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарстары. Алматы: «Жеті жарғы», 1999. 1996. – 224 б.
3. Зайсаннан //Сарыарқа.-1918.-18 ақпан.- № 30.
4. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты.- 1227-қор.
Б.Қаратаевтың жеке қоры.1-т.,7-іс.133п.; Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. – Москва, Издательский центр Россия молодая, 1994. -217 с.
5. Мадияр. Тағы құрбан//Қазақ.-1918.- 5 қыркүйек.- №263.
6. Сатылғанның хаты//Сарыарқа.-1918.-12 маусым.- №43.
7. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты. — 811-қор.4-т.,205-іс. 12п.
8. Бірлік туы.1918-13(2) наурыз.- №25.
9. ҚР ОММ.9-қор.1-т.,90-іс.58п.
10. Мұсылман полктерін жасау // Бірлік туы.-1917.-20 қазан.- №12.
11.Ішкі хабарлар // Сарыарқа.-1918.-19шілде.- №47.
12. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз.- №74.
13. Қазақ қалай соғысады //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз.-№74.
14. Халық ғаскері //Сарыарқа.-1919.-16 сəуір.- №77.
15. Ішкі хабарлар //Сарыарқа.-1919.-26 наурыз.- №74.
16. Тоқтамышев Х…//Сарыарқа.-1919.-16 сəуір.- №77.
17. Алашорда хүкіметінің іске кіріскендігі туралы //Сарыарқа.-1918.-5 шілде.- №46.
18. Тығыз жұмыстар//Қазақ.-1917.-13 желтоқсан.- №257.
19. ҚР ОММ.- 1227-қор.Б.Қаратаевтың жеке қоры.1-т.,7-іс.133 п.;
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм…-Б.57.
20. Уақытша Ойыл Уалаяты //Қазақ.-1918.-30 шілде.- №225.
21. Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты. — 811-қор.
С.Шəріповтің естелігінен.1-т.,73-іс.163-1657 пп.
22. Ішкі хабарлар // Жас азамат.-1918.-4 қазан.- №6
Мемлекет тарихы институтының
жетекші ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
http://alash-orda.kz/


