«… Дөңті шайқасында орыстардың бір батальон әскерін жойдық. Атақты Сары атты Зубатов полковникті ұрып өлтірдік. Генерал Банке он адамымен атып тасталды. Соңғы Ышқынты шайқасында генерал Разборов өлтірілді. Соңғы бітімде орыстар генералдарының басын сұрады. Генерал Банкенің сүйегін бердік. Разборовтың сүйегін бермедік. өйткені ол соғыс қылмыстысы еді. Көктоғайдағы орыс елшілеріне Ырысхан:
«Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірткен Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын әкеліп беріңдер» — деді. Осы мәліметтен-ақ «Алаш қозғалысы» идеясының әр қазақтың санасында берік орнағанын аңғару қиын емес. Оспан батыр бастауымен одан ары өрбіген көтерілісте де Оспан орыстарға сенбеген еді. Себебі Алаш зиялыларын, ұлттық буржузияның берік негізі саналатын қазақ байларын қалай қырғаны Қытай қазақтарына жетіп жатқан-ды. Сондай-ақ Оспан батырдың: Әлихан Бөкейхан «түбі телім болған қазақтар басын қоспай, қазақ – қазақ болмайды» деген аталы сөзін қағида ретінде ұстануы Алаш көсеміне деген құрметін білдірсе келсек.
Еркін Рахметуллин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты



