Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Жаныңыз жәннатта болсын Жүніс қажы Рақисопыұлы!
Қоғам

Жаныңыз жәннатта болсын Жүніс қажы Рақисопыұлы!

18/02/20140

Murtaza Junusulu Bulutay

Бауырлар, достар! Бүгін мен үшін азалы да қазалы күн, тек мен емес Жәнтекейдің Тайлақ атасынан тараған бір қауым ел жасы үлкен қариясынан айылырып отыр, Қазақ халқы көпті көрген, Алтайдан Анадолыға жаяу барған, қырғын мен қиыншылықты бір кісідей көрген ақсақалынан айырылып отыр…

Әкем Жүніс қажы Рақисопыұлы 93-жасқа қараған шағында бүгін тәңертең Анкарада өмірден озды. Соңғы төрт жыл бойы төсек тартып, ауыр науқас болғанымен, әкетайым сабырға салып, өзінің өнегелі өсиеттерін айтып келіп еді, дегенмен дәм таусылды, Алладан бұйрық келді! Асқар тауым шағылғандай, бәйтерегім құлағандай күй кешіп отырмын. Өмірге шыр етіп көз ашқалы бері осы әкетайымнан естуші ем қазақтың бұрынғы көшпелі өмірін, тарихын, салт-дәстүрін… Баркөлдің Саршоқысын, Бисан көлін, Моридың құмын, Шонжының Дабанқуын, Құмылдың күнгейін, Буыршынның Шұңқырын, Қызылтас пен Қызылқайыңын… Ағаларымен бірге қалай аңға барғанын, Қобданың базарына мал айдағандарын, Гансу жерін қалай кешкендерін, қазақтың 1937-1941 жылдардағы қаралы көшін, Тибетте марқұм болған әкесі мен ағаларын қалай жерлегенін, Пәкістанда өткен оншақты жылдарын… Ақыт қажының өлеңдерін жатқа оқитын еді, өзі де өлең жырлар жазып, өмірде көрген-тергенін аманат етіп қалдырып кетті. Қазақстанға шешеммен бірге төрт мәрте келіп, жарты жылдан тұрып, Алматы мен басқа да аймақтарды аралап, туыстарды көріп, әбден разы болған еді. Өлеңдері мен мақалалары «Алматы ақшамы», «Заман Қазақстан», «Жұлдыз» журналы қатарлы басылымдарда жарияланды, қазақ радиосын өзі тауып барып, сұхбат беріп кетіпті жарықтық бір келгенінде, Түркияда да бірталай деректі фильмдерде кейіпкер ретінде сұхбаттары берілді, зерттеушілер мен тіл мамандары келіп әкемнен көп дүниелерді жазып алатұғын…Әкем мен үшін бұрынғы тарихпен біздерді жалғастырып жатқан алтын көпір іспетті еді, тамыры тереңде жатқан бәйтерек еді… Біраздан жаназаға аттанамын, ертең Анкарада мәңгілік мекеніне шығарып саламыз, сіздер де дұғада болыңыздар бауырлар, жаның жәннатта болсын асыл Әкем менің! Жарқын бейнең, ғибратты өмірің, айтқан насихат сөздерің әрқашан да жадымда болады…
Бауырлар, достар! Бүгін мен үшін азалы да қазалы күн, тек мен емес Жәнтекейдің Тайлақ атасынан тараған бір қауым ел жасы үлкен қариясынан айылырып отыр, Қазақ халқы көпті көрген, Алтайдан Анадолыға жаяу барған, қырғын мен қиыншылықты бір кісідей көрген ақсақалынан айырылып отыр...</p><br /><p>Әкем Жүніс қажы Рақисопыұлы 93-жасқа қараған шағында бүгін тәңертең Анкарада өмірден озды. Соңғы төрт жыл бойы төсек тартып, ауыр науқас болғанымен, әкетайым сабырға салып, өзінің өнегелі өсиеттерін айтып келіп еді, дегенмен дәм таусылды, Алладан бұйрық келді! Асқар тауым шағылғандай, бәйтерегім құлағандай күй кешіп отырмын. Өмірге шыр етіп көз ашқалы бері осы әкетайымнан естуші ем қазақтың бұрынғы көшпелі өмірін, тарихын, салт-дәстүрін... Баркөлдің Саршоқысын, Бисан көлін, Моридың құмын, Шонжының Дабанқуын, Құмылдың күнгейін, Буыршынның Шұңқырын, Қызылтас пен Қызылқайыңын... Ағаларымен бірге қалай аңға барғанын, Қобданың базарына мал айдағандарын, Гансу жерін қалай кешкендерін, қазақтың 1937-1941 жылдардағы қаралы көшін, Тибетте марқұм болған әкесі мен ағаларын қалай жерлегенін, Пәкістанда өткен оншақты жылдарын... Ақыт қажының өлеңдерін жатқа оқитын еді, өзі де өлең жырлар жазып, өмірде көрген-тергенін аманат етіп қалдырып кетті. Қазақстанға шешеммен бірге төрт мәрте келіп, жарты жылдан тұрып, Алматы мен басқа да аймақтарды аралап, туыстарды көріп, әбден разы болған еді. Өлеңдері мен мақалалары «Алматы ақшамы», «Заман Қазақстан», «Жұлдыз» журналы қатарлы басылымдарда жарияланды, қазақ радиосын өзі тауып барып, сұхбат беріп кетіпті жарықтық бір келгенінде, Түркияда да бірталай деректі фильмдерде кейіпкер ретінде сұхбаттары берілді, зерттеушілер мен тіл мамандары келіп әкемнен көп дүниелерді жазып алатұғын...</p><br /><p>Әкем мен үшін бұрынғы тарихпен біздерді жалғастырып жатқан алтын көпір іспетті еді, тамыры тереңде жатқан бәйтерек еді... Біраздан жаназаға аттанамын, ертең Анкарада мәңгілік мекеніне шығарып саламыз, сіздер де дұғада болыңыздар бауырлар, жаның жәннатта болсын асыл Әкем менің! Жарқын бейнең, ғибратты өмірің, айтқан насихат сөздерің әрқашан да жадымда болады...
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚасым АМАНЖОЛ: «ШЫННЫҢ ЖҮЗІН» ҚАЙТА ШЫҒАРУ ОЙЫМДА БАР…
Next Article Оспан батыр Америка барлаушысы Маккиернанмен қандай байланыста болды?

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.