Ежелгі Қытай дәрігерлері қазақ тайпаларының әдісін қолданған


Қазақтың медицина тарихында әлемге белгілі болғандары керейлер мен уақтардың медицинасы. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифигінде танымал суретші Бақтыбек Талқамбаев айтты.
«Мен жақында Қытай кітапханасынан медицинаға қатысты кітап алдырттым. Кітаптың 1-ші бөлімі Қытайда, 2-ші бөлімі Италияда сақталыпты. Қызығы сол, бұл кітаптың ішінде қазақ тайпаларының медицинасы туралы жазылады. Мыңдаған жылдық медициналық тарихы бар Қытай емшілері «. . . керейлер мен уақтар осындай ем түрлерін қолданатын» деп сілтеме жасайды. Бұл дегеніміз керемет қой! Біз сырттағы осындай жазбаларамызды қазақ тіліне аударып, халыққа ұсынуымыз керек», — деді Б.Талқамбаев.
Ғалымның айтуынша, психологтар шөппен емделумен қатар, науқастарға сурет салу арқылы де емделуге кеңес береді. Ол Қытай мұрағаттарына жасаған зерттеулеріне кезінде шөп пен және суретпен емдеу ісінің мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатқан әдіс екенін айтады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).
baq.kz


