08.03.1941 ж. Павлодар қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы 36 мектепті алтын медальмен аяқтады.
— 1959 жылы алғашқы қазақтардың бірі болып КСРО СІМ ММХҚИ түсті.
— 1963 жылы үздік арабтанушы-студенттердің бірі ретінде Болатхан Тайжан КСРО басшысы — Хрущевтың Египеттегі ресми сапарында аудармашы болды.
— 1960-шы жылдары, Болатхан Москвадағы патриоттық студенттік қозғалысының — Жас Тұлпар ұйымының идеологтарының бірі болды.
— 1970-ші жылдары КСРО СІМ жүйесінде жұмыс істеді. Оның орталыққа жазған аналитикалық жазбаларын МІМ және МҚК тексермеген. Болатханның тиянақтылығын білгендіктен оның жазбаларын түзетуге уақыттарын бөлмеген, бірден жоғарыға, саяси басшылыққа жіберіп отырған.
— 1975 жылы Тайжан алғаш рет ұлы әл-Фарабидің Дін туралы Трактатын араб тілінен орыс тіліне аударды.
— 1980-ші жылдары Оңтүстік Йеменде, 10 күндік азаматтық соғыс күндері, ол өзінің батылдығының, жергілікті тәртіпті жақсы білуінің арқасында КСРО-ның жүздеген азаматтарын алып шықты және көшірді, батылдығы үшін грамотамен марапатталды.
— 1986 жылы, Оңтүстік Йемендегі КСРО елшілігінде Алматыдағы оқиғадан кейін, оның артынан жасырын бақылау жүргізілді. Сол кезде ол жауапты тұлғаларға өзінің Батыстан саяси пана сұрамайтындығын ресми түрде мәлімдеді, себебі, Қазақстан – оның Отаны, онда оның туыстары тұрады.
— тәуелсіздік алғаннан кейін Тайжан ҚР сыртқы экономикалық байланыстар министрінің 1-ші орынбасары болып тағайныдалды, онда Тайжан жас мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғады.
— 1993 жылдан бастап алғашында Египетте және сонымен қатар Магреб пен Жақын Шығыс елдерінде, содан кейін Малайзияда Төтенше және Уәкілетті Елші лауазымында еңбек етті. Ол еңбек еткен жылдары Қазақстан ИКҰ, ИДБ секілді ұйымдарға кірді. Тайжан Қазақстанның әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстың бейіттерінде мешіт құрылысын бастау идеясының бастамашысы болды. Тайжан өзінің бастамашылығы бойынша Махатхир Мохамадтың Малайзия дағдарысы туралы кітабын орыс тіліне аударды. Ол Қазақстанның елшілерінің арасында алғашқы болып қазақ тілінде іскерлік хат-хабарлар алмасу тәжірибесін бастады.
2001 жылдан бастап Болатхан Тайжан зейнеткерлікке шығады, алайда ол қоғамдық-саяси қызметпен айналысуын жалғастырып отырды. Оның көптеген идеяларының іс-жүзіне айналғанына көзіміз жетіп жүр.
2007 жылдың 20 ақпанында 65 жасында Болатхан Құлжанұлы Тайжан мезгілсіз ерте дүниеден өтті.
Кәсіби зерттеуге тұрарлық жарқын, бірегей, әдемі өмір.
Б.Тайжанның мемлекетке сіңірген еңбегі қайтыс болғаннан кейін де аталып жатыр. 2008 жылының 26 наурызында Алматы қаласының көшелерінің біріне БОЛАТХАН ТАЙЖАННЫҢ аты берілді.
Болатхан Тайжанның 2 баласы және 5 немересі бар.
Б.Тайжан қайтыс болғаннан кейін 10 айдын арасында оның жұбайымен ұлы Б.Тайжанның «Аталы сөздері» атты 3 томдық мақалалар жинағын және оның қатысуымен телебағдарламаларының жинағын 2 DVD түрінде басып шығарды.
Павлодар қаласында, Болатханның бастауыш сыныптарда оқыған мектебінде Болатхан Тайжан кабинеті ашылды.
Болатхан Тайжанның Жеке Қоры сайты


