Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың Қасым, Хақназар хандары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.


«Үшқиян» баспасынан жарық көрген «Қазақтың Қасым, Хақназар хандары» атты кітапта ХVI ғасырда Қазақ мемлекетін қалыптастырып, халықаралық аренаға шығарған Жәнібек хан баласы Қасым хан, онан кейін қайта ыдырап, әр елдің қарамағына кеткен қазақтың жерін, елін қайтарып басын біріктірген Қасым хан баласы Хақназар хан туралы тарихи деректер топтастырылған. Бұл кітапты құрастырушы Хақназар ханның тікелей ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының құрметті академигі Жантеке Қалилаұлы Жәрімбетов.
baq.kz


