Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Кітапхана»Ғабит МҮСРЕПОВ. Ұрпағыма айтар сөз
Кітапхана

Ғабит МҮСРЕПОВ. Ұрпағыма айтар сөз

15/04/201510

Жәнібек ҒАЛЫМ

Ғабит МҮСРЕПОВ, жазушы, Социалистік Еңбек  Ері. 

Мен  бұл  кітап-альбомды  басылмай  тұрғанда  мұқият  қарап шықтым… Ұстаған  бағытымыз  түзу болғанымен, барды бағалай алмай, үзіп-жұлқып жүріп, қазақтың ардақты ұлы, қоғамдық ғылымдар  саласының бәрінде өшпес із қалдырған Шоқанның толық бейнесін әзірге бүкіл  бітім-болмысымен жарқыратып  жасай алмасақ керек. Шоқанның  ұлылығы соншама, біз оны енді  ғана толық түсіне бастағандаймыз.  Мынау  альбом соны айтады.

Шоқанның  өмір жолы  – елдің тағдыры, халықтың тағдыры. Шоқанның  ойы, еңбегі, арман-тілегі еліміздің тарихымен, оның  ішінде кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәдени  өмірмен, өнер  өрімдерімен тікелей сабақтасып жатыр.  Мысалы, Орта Азия  халықтары  бағы заманда  іргелі де аумақты цивилизацияны тудырған  елдердің бірі болғандығын алғаш таныған, әрі  ғылыми  тұрғыдан  таратып  жазған  Шоқан  Уәлиханов1.

Әрі  ол бүкіл  саналы  ғұмырында  елдің елдік дәрежесін көтеруді арман етіп, оны шын мәнінде азат, мәдениеті жоғары елдермен  терезесі теңелуін аңсап өтті.  Ел  тағдыры  үшін ой тербеп, іспен көрінді. Тарихы  тамырлас, тағдыры  сабақтас Қазақстан мен Орта Азия халықтарының  тарихын бөліп-жармай, тұтас қарастырды. Ежелгі  мәдениеттің  жосығын көне  дәуірлерден  көрсе, сол елдердің болашағы Россияға   қосылу арқылы  түбегейлі шешілерін кесіп айтты. Бір ғажабы – орташа ғана білім алған, жасы 25-ке  жетпеген жас  Шоқанды орыс ғалымдары бірден танып, өз қатарларына алулары тектен-тек емес-ті. Шынына келсек, Шоқан 20-21 жастарында  ақ белді-беделді ғалым ғой!

Тарихшы Шоқан  көне  өнердің  сүрлеу соқпақтарын  терең  ойдың  таразысынан  өткізіп, жасығынан  асылын бөліп,  толғана,  тебірене зерттеді. Бұрын  бір айтқанымдай, Шоқан  аңызғақ желден  көлеңке, үскірік желден ықтасын іздемей, өмірдің  аптапты өтінде  қысқа болса да, ойлы, өнегелі өмір кешіп өтті. Өткеніміздің бедері, бүгінгіміздің беделі  Шоқан есіміне  қатысты қарастырылатындығы  сондықтан.

Әдеби тілі бай, «ақын жанды» (Ядринцев) Шоқан бейнелеу өнерінде де үлкен суреткер.  Шоқанның зергерлігі сол кезеңде орыс  әдебиетін   жаңа  белге шығарған  Пушкин, Гоголь, Лермонтов суреткерлігімен тең.  Шоқан суреттері  өз тұсындағы ел  тағдырының  бір шындығы. Ол суреттемелерінде  табиғаттың тыныс-тіршілігін, көркем  бейненің жан дүниесін, дәуірдің  кесек тұлғасын алдыңа жайып салады.  Яки, үлкен  ұғымдағы сурет  өнерінің  қырқаларынан  көрінетін қылқалам шебері.

Жасыратыны жоқ Ұлы Октябрь революциясына дейін бізде адам  бейнесін  суретке  түсірген бір-ақ  қазақ болды.  Оның  аты – Шоқан.  Адам бейнесін сомдап суреттеуге келгенде күні бүгінге  дейін  Шоқан  картиналарына  теңдесетін  дүние әлі жоқ қой.

Ертеден белгілі бір қырғыз, бір сұлтан  портреттеріне  Шоқанның өзін-өзі суреті мен сұлулық сымбаты дерлік  акварельдерін қоссақ, ұлы ғалыммен бірге болашақ ірі суретшіден де ерте айрылған  екенбіз. Кітап-альбом  соны айтады.

«Шоқан және өнер» атты кітап-альбомның қажеттілігі  – дәйекті деректер  арқылы Шоқан өмірін  оның  творчествосымен қабат қарастырып, осы сауалдарға  жауап  іздеуінде  деп білемін.

Бірішіден, Шоқанның тікелей өзі мен Шоқан салған  суреттер, екіншіден, Шоқанға, Шоқан кезеңіне қатысты архивтік деректер  мен иллюстрациялық материалдар, үшіншіден, Шоқан туған, өскен, тәлім-тағлым алған, қызмет атқарған,  зерттеген объектілер  мен өңір-өлкенің   тарихи-мәдени ескерткіштері  көрнекті өрнектеледі.  Өнерге қатысты Шоқан  өмірі мен тарихи-этнографиялық фотошежіре,  талдау, түсініктеме, сілтеме бірімен-бірі  тұспа-тұс, көзбе-көз, қолма-қол көрсетіледі. Осылайша, өнер тарихшысы, өнер   зерттеушісі Шоқанның өмір  жолы  қазақ халқының мәдениетімен етене  жақын баяндалады. Мұнымен қатар Шоқанның өнермен тел өрбіген  алапат ой-пікірі, сұлулық сыны төңірегіндегі түсінік-талғамы, арман-тілегі, асқақ идеалы недәуір  толық берілген.

Шоқанның  таланты телегей-теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ  биіктерге серпіліп жатады. Осы кітапта  Шоқан көркем-өнер жағынан тағы да бір жаңа қырынан  толық көрінеді.  Біздің  ғалымдарымыз  осы   Шоқанша әр қырынан табыла  берсе  деп үміт  етсек,  онымыз орынсыз болмас деймін.

Тағы да  қайталап айтамын, бүгінге  дейінгі  біліп-бітіргенімізбен Шоқанның  бар тіршілігі сарқылмақ емес.  Альбом-кітап осыны  айтады.

Академик-жазушы Ғ.Мүсірепов 1960 жылдардың  басынан және  онан кейін де  Шоқанның  өнерге  қатыстылығы  жайлы баспасөз бетінде бірнеше  дүркін пікір айтты.

Мысалы,  «Өнер  туыстығы», мақаласы Кіт.: Мүсірепов Ғ.  Суреткер парызы. А., 1975, 423-бет. 1985 жыл.

turkystan.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға аттанды
Next Article Қазақстанда құны $10 млн болатын мешіт ашылады (ФОТО)

Оқи отырыңыз...

БАЛУАН ЖӘКӨ

25/03/20150

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

18/03/20151

Қытайлық профессор Қазақстан тарихы туралы кітап шығарды

17/03/20150
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.