2014-жылы 23- ақпан күні, Қырым Автономиялы Республикасының астансаы Ақмешіт(Симферополь) қаласында бүкіл қырымдық ереуіл өтті. 15 мыңнан астам қатысқан ереуілшілер Қырым АР бөлшектеу ниетінде болған жоғары мәнсәптыларға қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп, Қырым Автономиялы Республикасының жоғарғы радасын тезарада таратуды, тезарада қайтадан сайлау өткізуді сұрады.Ереуілде Қырым татарларының өкілдері Украина жоғарғы радасына талаптарын жолдады. Талапта Украина жоғарғы радасынан тарихи, жергілікті ұлт Қырым татарларының құқын қалпына келтіруді әрі Республиканың басқарушы билігі мен атқарушы билігінің басшылық орындарына Қырым татарларының өкілдерінің кіруін заң жүзінде кепілдендіруді талап етті. Халықарлық стандартқа сай сайлау және сайлану құқын іске асырып, Қырым татарларының ҚАР –ның жоғарғы радасы мен жергілікті мәслихаттарда сайлануын кепілдендіруді сұрады.





