Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қытайға аудармашы болған қазақтың әңгімесі
Қоғам

Қытайға аудармашы болған қазақтың әңгімесі

04/03/20141
 Мен бұл жігіт ағасымен кездейсоқ танысып қалдым. Қытайдан келген қандас бауырымыз екен. Қытайшаға судай. Екеуміз оны-мұны жағдайды әңгіме қылдық. Бір кезде ол өзінің қайда жұмыс істегені туралы айтып қалды. Біраз уақыт Қазақстанның батысындағы облыстардың бірінде қытайдың мұнай компаниясында аудармашы болыпты. Жұмыстың қиындығын айтты. Үй-күйіңді көрмей, алыс далада еңбек етесің деді. Сосын, қытайлардың қазаққа қалай мәміле жасап, қалай жұмыс істететінін айта бастады. Енді соған кезек берелік: 

Бір күні мұнай бұрғылап жатқан 60 шақырым жерден қалаға келдік, көлікті мен жүргіздім. Қасымда бір жас қытай бастық бар. Содан ол дүкенге кіріп бірдеңелер алатын болды да, мәгезінге кіріп кетті. Күн бұлтты еді. Ол шығамын дегенше жаңбыр жауып, қытай бастық машинаға жеткенше үсті аздап су болды. Кіре сала ол әй-шайға қарамай «иттің баласы, көлікті неге тура дүкеннің аузына тақап апармайсың, менің үстім су болды» деп кіжіне жөнелгені. Мен үндемедім, алайда ашудан жарылардай болып отырған соң бірер ауыз қатқыл жауап берген болуым керек. Жыл соңында сыйлық ақша берген кезде әрбір қытай 10 мың АҚШ жолларын алды да, маған 3 мың доллардай ғана берді. Міне, теңсіздік. Бұл секілді мысалдар көп…

Бәрінен қорлығы тағы бір қытайдың маған қазақтардың бәрі анаусыңдар (төмен жақтағы әурет жер) деп қойып қалғаны болды. Мен бар қазақты бұлай атағанына намысым келіп тұрса да себебін білейін деп, «неге олай айтасың?» дедім. Сонда ол қытай маған былай әңгіме айтты:

Мен екі жыл Араб елдерінің біріндегі қытай компаниясында өзімше үлкен бастықтардың бірі болып жұмыс істедім. Сол кезде біз мұнайға жауапты арабтардың кеңселеріне кіре алмай зар болатынбыз. Сондықтан оларға кезігудің ең бір сәтті уақыты арабтардың жұмыстан шығып көлігіне отыратын кезі болатын.
Егер сол кезде де көлігіне отырғанша үлгеріп барып, айтатын шаруаңды айтсаң жолың болғаны. Олай болмағанда оларды машинамен қууға тура келеді. Тіпті, 70-80 шақырымға дейін ілесіп отырып, үйлерінің, не басқа демалыс орындарының қасына барғанда сөйлесіп қалатынбыз. Сол кезде олар келген бізді көріп көліктерінен түсіп те қоймайды. Терезесінен көз салып, «не жұмысың бар?» деп иек қағады. Бізді инвестор екен, шетелдік, басқа елдің адамы деп елет те қоймайтындай. Біз олардың артынан осылай жүіріп жүріп шаруаларымызды реттеуге тырысамыз. Мен сол үшін оларды құрметтеймін, олар өзін сыйлата біледі, басқалардың алдында өздерін өр ұстайды.

Ал, Қазақстанда мені және мен секілді бастықты көрсе керісінше осы жердегі мұнайдың иесі, соның айналасындағы бастықтар жалбаң қағып, қаумалап жүріп, кәукелектеп қалады. Сол кезде біз жаңағы арабтар құсап өзімізді керемет сезінеміз. Ал, жалпақтап жүрген қазақтардың құны жоқ, қадыры аз, өзін сыйлата да, бағалата да алмайтын халық секілді көремін. Сол үшін осы сөзді айтамын деді. Мен бұған қарсы дау көтере алмадым, өйткені, оның менің бетіме басып отырғаны өзім де көріп жүрген жайт еді… Жер болып, өтірік намыстанғаннан басқа амалың не?..

Міне, аудармашы жігіт осылай деді. Қазақтың қадірі неге қашты, ақша мен мәнсапқа құлдықтан ба, әлде жаншылған рухын оята алмай, рухани, сана құлдығына тәуелсіздіктен кейін де әлі ойсыздықпен бас иіп отыруынан ба? Неге әлі басқалардың табанында таптала береміз?..

Қытайға аудармашы болған қазақтың әңгімесі

Мен бұл жігіт ағасымен кездейсоқ танысып қалдым. Қытайдан келген қандас бауырымыз екен. Қытайшаға судай. Екеуміз оны-мұны жағдайды әңгіме қылдық. Бір кезде ол өзінің қайда жұмыс істегені туралы айтып қалды. Біраз уақыт Қазақстанның батысындағы облыстардың бірінде қытайдың мұнай компаниясында аудармашы болыпты. Жұмыстың қиындығын айтты. Үй-күйіңді көрмей, алыс далада еңбек етесің деді. Сосын, қытайлардың қазаққа қалай мәміле жасап, қалай жұмыс істететінін айта бастады. Енді соған кезек берелік: 

Бір күні мұнай бұрғылап жатқан 60 шақырым жерден қалаға келдік, көлікті мен жүргіздім. Қасымда бір жас қытай бастық бар. Содан ол дүкенге кіріп бірдеңелер алатын болды да, мәгезінге кіріп кетті. Күн бұлтты еді. Ол шығамын дегенше жаңбыр жауып, қытай бастық машинаға жеткенше үсті аздап су болды. Кіре сала ол әй-шайға қарамай «иттің баласы, көлікті неге тура дүкеннің аузына тақап апармайсың, менің үстім су болды» деп кіжіне жөнелгені. Мен үндемедім, алайда ашудан жарылардай болып отырған соң бірер ауыз қатқыл жауап берген болуым керек. Жыл соңында сыйлық ақша берген кезде әрбір қытай 10 мың АҚШ жолларын алды да, маған 3 мың доллардай ғана берді. Міне, теңсіздік. Бұл секілді мысалдар көп... 

Бәрінен қорлығы тағы бір қытайдың маған қазақтардың бәрі анаусыңдар (төмен жақтағы әурет жер) деп қойып қалғаны болды. Мен бар қазақты бұлай атағанына намысым келіп тұрса да себебін білейін деп, «неге олай айтасың?» дедім. Сонда ол қытай маған былай әңгіме айтты: 

Мен екі жыл Араб елдерінің біріндегі қытай компаниясында өзімше үлкен бастықтардың бірі болып жұмыс істедім. Сол кезде біз мұнайға жауапты арабтардың кеңселеріне кіре алмай зар болатынбыз. Сондықтан оларға кезігудің ең бір сәтті уақыты арабтардың жұмыстан шығып көлігіне отыратын кезі болатын. 
Егер сол кезде де көлігіне отырғанша үлгеріп барып, айтатын шаруаңды айтсаң жолың болғаны. Олай болмағанда оларды машинамен қууға тура келеді. Тіпті, 70-80 шақырымға дейін ілесіп отырып, үйлерінің, не басқа демалыс орындарының қасына барғанда сөйлесіп қалатынбыз. Сол кезде олар келген бізді көріп көліктерінен түсіп те қоймайды. Терезесінен көз салып, «не жұмысың бар?» деп иек қағады. Бізді инвестор екен, шетелдік, басқа елдің адамы деп елет те қоймайтындай. Біз олардың артынан осылай жүіріп жүріп шаруаларымызды реттеуге тырысамыз. Мен сол үшін оларды құрметтеймін, олар өзін сыйлата біледі, басқалардың алдында өздерін өр ұстайды. 

Ал, Қазақстанда мені және мен секілді бастықты көрсе керісінше осы жердегі мұнайдың иесі, соның айналасындағы бастықтар жалбаң қағып, қаумалап жүріп, кәукелектеп қалады. Сол кезде біз жаңағы арабтар құсап өзімізді керемет сезінеміз. Ал, жалпақтап жүрген қазақтардың құны жоқ, қадыры аз, өзін сыйлата да, бағалата да алмайтын халық секілді көремін. Сол үшін осы сөзді айтамын деді. Мен бұған қарсы дау көтере алмадым, өйткені, оның менің бетіме басып отырғаны өзім де көріп жүрген жайт еді... Жер болып, өтірік намыстанғаннан басқа амалың не?..

Міне, аудармашы жігіт осылай деді. Қазақтың қадірі неге қашты, ақша мен мәнсапқа құлдықтан ба, әлде жаншылған рухын оята алмай, рухани, сана құлдығына тәуелсіздіктен кейін де әлі ойсыздықпен бас иіп отыруынан ба? Неге әлі басқалардың табанында таптала береміз?..
 Murat Almasbekuly
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ еліндегі казактардың құрып жатқан әскери ұйымдарын тексеріңіздер! Ашық хат!
Next Article ЕРЛАН КАРИН : Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті құруды дамыту процесінде кем дегенде тайм-аут алуға сылтау

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.