Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қырымдағы «белгісіз» әскер кім, қайдан келді?
Жаңалықтар

Қырымдағы «белгісіз» әскер кім, қайдан келді?

05/03/20140
Қырымдағы "белгісіз" әскер кім

Қырымдағы "белгісіз" әскер кімУкраина билігінің дерегі бойынша, қазір Қырым түбегінде Ресейдің 16 мыңға тарта жауынгері тұр. Әуе және теңіз жолдарымен ағылып келіп жатқандықтан, олар күн сайын көбейіп барады деген де ақпарат бар. Тәуелсіз әскери сарапшылар да Қырымда осынша әскердің бар екенін айтады.

Jane’s Defense Weekly басылымының сарапшысы Тим Риплидің (Tim Ripley) айтуынша, «интервенция басталған ақпанның 28-інен бері мұнда 6-7 мыңдай Ресей сарбазы келген». Қырымдағы Қара теңіз флотында Ресейдің 11 мыңдай жауынгері бұрыннан бар. Бірақ бұлардың көпшілігі — теңіз әскері және қосымша қызметкерлер. Сондықтан болар, жақында Қырымға жаяу әскер сарбаздары жөнелтілген.

Тек Ресейдің Қара теңіз флотына қарайтын  810-теңіз жаяу әскерінің екі мыңға жуық сарбазы мұнда бұрыннан тұр. Қырымдағы Ресейдің кей блокадаларында осы бригаданың жауынгерлері тұрғаны анықталған.

ҚЫРЫМҒА ЖАҢА КЕЛГЕН РЕСЕЙ СОЛДАТТАРЫ

Қырымға таяуда келген сарбаздардың көбі Қара теңіз флотындағы әскери бөлімдікі емес, Ресейдің ішкері жағынан жөнелтілген. Рипли Ресейдің әуе және әскери теңіз күштеріндегі белсенділікке қарап осындай болжам жасап отыр.

«Қырым құрлықта тек Украинамен шектеседі, ал Ресейдің оған құрлық арқылы баратын жолы жоқ. Сондықтан солдаттардың барлығы Қырымға әуе, не теңіз арқылы өтіп жатыр. Ұшақтар да келіп жатқанға ұқсайды. Ресей Украинада бірнеше әуе базасын ұстап отырған. Олар ондағы Ресей флотына қолдау жасайды. Бұған қоса олар Қырымның шығысындағы жүк портын тартып алды, ал ол Ресейдің Кубань аймағына апаратын бұғаздан бірер шақырым қашықтықта ғана тұр. Сөйтіп, ол жақтан Қырымға адам мен көлікке толы кемелер келіп жатыр. Олардың ішінде Мәскеу маңындағы жедел әрекет ететін әуе-десант күштерінің сарбаздары да бар» дейді ол.

Лондонда орналасқан қақтығыстарды зерттеу және сараптау орталығының директоры Кристофер Лэнгтонның айтуынша, «таяуда келген жауынгерлердің көбі – Ресейдің Дондағы Ростов қаласында штаб-пәтері орналасқан оңтүстік әскери басқармасының қызметкерлері».

«Киімдеріне қарасақ, көпшілігі жаңа сияқты. Айырма белгілері жоқ. Бұл — 2008 жылғы Грузияда болған соғыста қолданылған тәсіл. Ресей бітімгерлік күштері Грузияға келгенде олар да киімдерін өзгерткен. Бітімгерлердің арнайы белгілерін алып тастаған. Ресей басқа қандай амал қолдануы мүмкін? Қара теңізде жоғары дайындықтан өткен Ресей теңіз жаяу әскері бар. Бірақ олар Қырымда емес, Қара теңіздің басқа жағалауында — Ресейдің Новороссийск қаласында тұр. Дәл сол оңтүстік әскери басқармасының құрамында екі арнайы күштер бригадасы мен әуе-десант дивизионы бар» дейді Лэнгтон.

Қырымдағы ресейшіл әскерді мына видеодан көре аласыз:

http://www.azattyq.org/media/video/25286268.html

ҚЫРЫМДАҒЫ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНЕ ШЕКТЕУ БАР МА?

Ресей мен Украина арасындағы келісімдер бойынша, Ресей Қырым түбегінде 25 мыңдай жауынгер орналастыра алады. Әскери бөлімдерді қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру үшін оларға базаларынан тыс әрекет етуге рұқсат берілген. Бірақ сарбаздарды әскери мақсатта жұмылдыруға тыйым салынған.

Қырымдағы Украина әскери базаларын қоршау, оқшаулау шаралары жасалып жатқан сияқты, ал бұл негізгі келісімдерді бұзады.

ЖЕКЕМЕНШІК КҮЗЕТ ФИРМАЛАРЫ НЕ ІСТЕП ЖҮР?

Риплидің айтуынша, форма киген қарулы адамдардың Қырым парламентін басып алған видеосынан Ресейдің жекеменшік қауіпсіздік фирмаларының әрекетін байқауға болады:

«Таспадан бес қаруы сай, мығым денелі, шыныққан жігіттерді көрдік. Олардың қолында шабуылдаушы қару, алысқа ұшатын граната сияқты әскери жарақтың түр-түрі болды. Сонымен бірге, олар түрлі қару салынған үлкен контейнер ұстап жүрді. Олардың бір-бірін қараңғыда көре алатын арнайы белгілері де болды. Бұлар – өте жақсы ұйымдасқан адамдар. Бірақ олардың киімі Украина базаларын қоршаған Ресей әскерінің киіміне ұқсамайды, демек олар жалдамалы адамдар болуы керек. Оларға берілген анықтамалардың ішінде ең дұрысы: олар — жекеменшік секторға кеткен Ресей арнайы күштерінің бұрынғы сарбаздары. Бұлардың көбі Ресей олигархтарының компанияларында келісім-шартпен жұмыс істейді, ал олигархтардың Ресей президентімен тығыз байланысы бар екені белгілі. Демек, біз мұнда Ресейдің мемлекеттік және жекеменшік секторының бірлескен әрекетін көріп отырмыз» дейді сарапшы.

Лэнгтонның айтуынша, «шиеленіс кезінде Ресейді жақтап бас көтеру үшін Қырымдағы орыс этносы өкілдерінің арасында интервенцияға дейін де белсенді жұмыс жүргізілген болуы керек. Сарапшының пікіріне қарағанда, «бұл жұмыс Ресейдің жекеменшік күзет фирмалары немесе Қырымда жұмыс істейтін, жаттығудан өткен арнайы күштердің жауынгерлері арқылы жүзеге асқан болуы тиіс.

(Рон Синовицтің мақаласын ағылшын тілінен аударған — Мұхтар Екей)

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleХан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын
Next Article Оралмандар жолына ор қазған кім?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.