Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Хакімжан Наурызбаев
Тұлғалар

Хакімжан Наурызбаев

21/08/20131
Хакімжан Наурызбаев
Хакімжан НаурызбаевУикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хакімжан Наурызбаев
Дүниеге келгені: 1925
Мансабы: мүсінші

Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев (27.08.1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, Қазақ КСР халық суретшісі (1969). 1951 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетін (О.Н.Кудрявцева шеберханасынан) бітірді. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесінде түңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, 1966 жылға дейін сонда сабақ берді. Алматыдағы “Абай” (1960, қола, гранит), “Шоқан” (1969, қола, 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді), “Калинин” (1973, гранит, У.Рахмановпен бірге), Жамбыл қаласындағы “Жамбыл” (1963, шойын, гранит) атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық колоритке аса көп көңіл бөлді. “Жасөспірім Жамбыл” (1957, қола) “Салт атты Жамбыл” (1958, қола), “Жеңімпаз қаһарман” (1953, бояулы гипс, 1953 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді) атты композицияларында мүсінші силуэт пен фактураны үлкен шеберлікпен пайдаланды. “Аманкелді портреті” (1948), “Бала Жамбыл” (1950), “Құрманғазы” (1957), “Алдабергенов” (1959), “М.Хакімжанова” (1961), “Сәкен” (1964, бәрі де гипс пен мәрмәрден жасалған). “Шопан портреті” (1965, қалайы, Мәскеу, Третьяков галереясы), “Ленин портреті” (1970, мәрмәр, Ульяновск, Орталық Ленин музейінің филиалы) атты еңбектерінде кейіпкерлердің жан дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол — Социалистік Еңбек Ерлері Қ.Досанов, Б.Шаяндин, Д.Серіков т.б. мүсіндік портреттерінің авторы. 1952-54 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961-65 жылдары Лениндік сыйлықтар комитетінің, 1959-65 жылдары және 1973 жылдан КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. Шәкірттері: Т.С.Досмағамбетов, Б.Төлеков. X.Наурызбаев еңбектері негізінен Қазақтың көркемсурет галереясында сақтаулы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТөлеген Досмағамбетов
Next Article Хасен Оралтай

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.