Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Бейнежазбалар»Мирзоян және Көктем мен Қыстың тартысы…
Бейнежазбалар

Мирзоян және Көктем мен Қыстың тартысы…

14/03/20140

Жалпы мерзімі – 5 жыл, яғни, 1933 жылдан 1938 жылға дейін Қазақстанды басқарған Мирзоянның атында ел аумағында мыңдаған көше бар. Бұл көшелерге Мирзоян есімі совет өкіметі кезінде берілген.

Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алды. Қазір — 2014 жыл. 23 жыл. Ал, Мирзоянның және басқа большевиктердің ескерткіштері мен олардың атындағы көшелер сол қалпы, мызғыған жоқ.

Билік тарапынан коммунисттердің атындағы көшелерді түгелдей ауыстырып, ескерткіштерін құлату туралы бастама болған емес. Әрі неліктен мемлекет құрушы халықты қасақана қырған коммунистердің ескерткіштері жойылып, көшелері ауыстырылмай келе жатқанына ресми түсіндірме жауап күні бүгінге дейін жоқ.

Ресми билік қоғам іштей күткен дүниелерге жауап бермеген жерде азаматтық қозғалыс басталатыны дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе. Ал, биліктің үнсіздігі – орысшылдығы және Қазақстандағы басқарушы билік пен ірі лауазым иелерінің бәрі дерлік совет өкіметінің тұсында коммунистік партия мүшесі болған, адал қызмет еткен, қызмет жолында өсуі коммунистік жүйемен тікелей байланысты адамдар. Олар үшін совет өкіметіне, коммунисттерге қарсы шығу, жоққа шығару – өздеріне және санасында шегеленіп қалған «ұлы орыс халқына» қарсы келу, қылмыс! 23 жылдағы Тәуелсіз Қазақстан билігінің советтік ескерткіштер мен көшелерге қатысты ұстанымын осылай деп қана жоруға болады.

Әрине, қоғам бір орнында тұрмайды. Алты ай қыстың да артынан көктем келеді. Мирзоян көшесінің атын ауыстыру жөніндегі тарихшылар, жергілікті билік пен қоғамдық белсенді азаматтардың арасындағы тартыс қыс пен көктемнің тайталасын еске салады. Қыс қанша қасарысқанымен көктем келері сөзсіз. Бірақ, қыстың қаһарынан қорыққан адам көктемді күтпей-ақ қойса да болады… Себебі, жалтақтар мен қорқақтардың жүрегі мен санасында көктемге орын жоқ. Олардың жалғыз көзді жалмауыз билеушісі – саяси үрей мен қызметқұмарлық қана.

Abai.kz сайты Мирзоян мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Әгәрәки, көз жүгіртем десеңіз, мына сілтемелерді қарауыңызға болады:http://abai.kz/node/38600, http://abai.kz/node/4670, http://abai.kz/node/13831, http://abai.kz/node/15024, http://abai.kz/node/16908

Р.S.

65-нші нөмірлі автобусқа отырдым. Жолақысын жинайтын жігіт әр аялдама сайын: по Ленина верх деп айғайлады. 23 жыл.

Үйге барар жолда «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы аядай саябақта Ленин мен Калининнің ескерткішінің жанынан өттім. Үйге келіп, интернет қарадым: қазақ тарихшыларының «Мирзоянның есімін көшелерден әзір алып тастауға болмайды» деп жағалай айтып шыққан сөздерін естідім. 23 жыл.

Теледидар қостым: Мәжілістегі Қазақстан Коммунисттері партиясы фракциясының мүшесі, бір депутат сөйлеп жатыр. 23 жыл.

Басқа арнаға ауыстырдым. Украинаның әртүрлі қалаларындағы Лениннің 16 ескерткіші құлатылғанын қайталап көрсетіп жатыр екен.

Иә, көктем,

«Сен мені не етерсің?

Мені тастап...»

Abai.kz

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Мирзоян есімін көшелерден алып тастауға байланысты отырыста Алматы қаласы ішкі саясат қызметкерлері, тарихшылар және Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлы бастаған азаматтардың айтқан сөздерін төмендегі видеодан көре аласыздар.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАҚШ Украина жанжалын шешуде Қазақстанға иек артады
Next Article Қазақстан-Ұлыбритания көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық жолымен бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады.

Оқи отырыңыз...

Сарыағаштық көкпарпаршы қазақатар жайлы әсерлі бейнеролик

24/03/20150

«Құнанбай» фильмі осы көктемде көрерменге жол тартады

13/03/20150

Мұстафа Өзтүрік (Деректі фильм)

19/10/20140
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.