Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мұхтар Тайжанның белсенді саясаттан кетуі туралы
Жаңалықтар

Мұхтар Тайжанның белсенді саясаттан кетуі туралы

18/03/20140
Мұхтар Тайжанның белсенді саясаттан кетуі туралы

Мұхтар Тайжанның белсенді саясаттан кетуі туралыҚұрметті достар!

Менің бұрынғы ұстанымым мен көзқарасым өзгерген жоқ және өткенге өкінбеймін. Егер 5 жыл бұрын алдымда не күтіп тұрғанын, қандай қиын соқпақ боларын білген болсам, бәрібір сол жолдан тайқымас едім. Қазір менің арым таза. Мен халықты ояту үшін, билікке әсер ету үшін барымды салдым. Жетістіктер де баршылық.

Қоғамдық өмірге араласқан сәттен бастап айтқан әр сөзім мен әр ісіме өзімжауап беремін. Тіпті бүгінгі мәлімдемеме де ешкімнің, биліктің де, оппозицияның да, олигархтың да, қашқын саясаткерлердің де қатысы жоқ. Бала кезден бойыма сіңген өмірлік тәрбием мен білімімді және еліме деген махаббатымды ешкім өзгерте алмас. Мен не айтсам да, не жазсам да көзімді жеткізіп барып істеймін. Қазір де сол қалпымнан айнымаймын. Кез-келген нәрсеге бір сұрақпен — мұның елге пайдасы бар ма, жоқ па деп қарау керек. Сонда бәрі өз орнына келеді.

Осыдан былай саясатқа белсенді түрде араласпаймын деуімнің бірнеше себебі бар. Ол жеке басыма да, қоғамдағы әртүрлі жағдайларға да байланысты. Жеке себептер — мұндай жұмыста, үздіксіз саясатта еш қолдаусыз ұзақ уақыт жүру мүмкін емес. Сөзбен емес, іспен қолдауды айтамын. Соңғы кездері өзіме және кәсіпорныма әкімшілік қысым күшейіп кетті. Ара салмаққа тура көзбен қараған жөн. Мемлекеттік машинаға төтеп беру оңай емес. Ал мен отбасыма жауап беруге міндеттімін.

Басқа себептерді айтар болсам, алма ағашын қанша суарсаңыздар да, мезгілі жетпей піспейді. Халықтың санасы да, биліктің ойы да уақыты келмей өзгермейді. Күні толғанда біз суармай-ақ, өзі пісіп жетіледі. Халықты оятамын деп те қажеті жоқ. Өйткені, олар бәрін жақсы біліп отыр. Бірақ үндемейді. Күтеді. Әрі қорқады. Олар үшін басқа біреу істеп берсе екен дейді. Олай болмайды да, болған емес. Білек сыбанып, жеңді түріп, қара жұмысты бәрі бірдей істеуі керек. Басқа жол жоқ. Біз осыны жақсылап түсінуіміз тиіспіз. Сонда ғана ілгері жүре аламыз.

Мен қоғамда қала беремін. Бірақ негізгі жұмысым қоғамдық өмір мен саясат болмайды. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Құрметпен Мұхтар Тайжан. 18.03.2014.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚауіпсіздік Кеңесінің отырысы
Next Article Шанышқылы Бердіқожа өмірде болған, есімі тарихи жазба-шежірелерде таңбаланған басы ашық, белгілі тұлға, батыр.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.