Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қазақстан тұрғындарының 83%-ы климат өзгерісін байқаған, ал 43%-ы бұл үдеріске қауіппен қарайды
Қоғам

Қазақстан тұрғындарының 83%-ы климат өзгерісін байқаған, ал 43%-ы бұл үдеріске қауіппен қарайды

31/03/20140

 MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында климат өзгерісіне көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 68% әйелдер мен 32% ер адамдар жауап берді.

Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама

 

Қазақстандықтардың көп бөлігі (83%) соңғы жылдарда Қазақстанда климат өзгерісін байқаған. Олардың 43%-н көбі оның салдарынан қауіптенеді,  40%-ы бұл өзгерістер болмашы ғана деп есептейді.

 

Респонденттердің 13%-ы ешқандай климат өзгерісін байқамаған, ал 4%-ы бұл мәселеге мүлде көңіл бөлмеген.

 

Соңғы онжылдықта байқалған климат өзгерісі тек ғалымдардың ғана назарын аударған жоқ. Әлемдің әртүрлі елдеріндегі тұрғындар ғаламшарымыздағы климат жылынуын байқаған. Ғалымдар 2030 жылдарға қарай Арктикадағы тұрақты (жазғы) мұздың еріп кететініне сенімді, экологтар да бұл жағдайды растап отыр.

 

Қазір жалпы нормадан ауытқыған табиғи құбылыстар жиі орын алуда. Мысалы, Гисен университетінің неміс ғалымдары 2014 жылы жаз айы өте катты ыстық болады деп болжайды. Соның нәтижесінде, өрт, құрғақшылық, бір аймақтарда дауыл, бір аймақтарда сел болуы мүмкін дейді. Сонымен, ғалымдар, ең кемінде 2010 жылдағы ыстық қайта қайталанады деп есептейді.

 

Қазақстандықтардың көп бөлігі де адамзат өміріне қауіп төндіретін әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы, климат өзгерісіне бей-жай қарамайды. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 40%-ы бұл ең маңызды мәселе деп есептейді. Олар бұл мәселені зерттеу мен шешімін табуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі керек деп санайды. Ал 15%-ы елімізде ғаламдық жылыну мәселесін шешуге жеткілікті көңіл бөлініп отыр, нәтижесі кейін айқын болады дейді. 28%-ы Қазақсанда бұл мәселені шешу тек қағаз жүзінде ғана қалып отыр, белсенді іс-әрекеттер жасалып жатқан жоқ деп ойлайды. 17%-ы мұндай мәселенің бар екенінен және шешу жолдарынан хабарсыз болып шықты.

 

Қазақстандықтардың пікірінше, климат өзгеруі жайлы тақырыптар қоғамда достар мен таныстар арасында  (41%), бұқаралық ақпарат құралдарында (17%), әлеуметтік желілерде (11%), экологиялық үкіметтік емес ұйымдарда (6%) белсенді талқыланады.

Тұрғындардың пікірінше,  бұл тақырып саясаткерлер арасында (небәрі 2%) аз талқыланады. Ал сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 23%-ы бұл тақырыптағы пікірталастарды мүлде естімеген.

 

Сондай-ақ, Европа елдерінің климаттың өзгеруімен күрес саласындағы белсенді саясатын қазақстандықтардың үштен бір бөлігінен көбі (34%) дұрыс деп есептейді. Олардың көп бөлігі осы мәселе бойынша жасалып жатқан европа елдерінің белсенді әрекеттерінен хабардар. Бірақ, олар климаттың өзгеруі табиғи құбылыс деп есептейді. Мұндай пікірді 29% қатысушылар білдірген. Респонденттердің 12%-н көп бөлігі әлемде бұдан да маңызды шешімін табуы тиіс мәселелер бар деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі бұл сұрақтардан хабарсыз.

 

Сонымен қатар, немістердің энергияны үнемдеу саясатын, энергияны өндірудің балама жолдарына көшу мен атом энергиясын пайдалануды қысқартуды қазақстандықтардың жартысына жуығы қолдайды. Бірақ 29%-ы бұл қазіргі кезде климат өзгерісінің алдын алуға көмектесе алмайды дейді. Сауалнамаға қатысушылардың 20%-ы мұндай саясаттың нәтижесін бірден бағалай алмаймыз деп ойлайды, сол себепті бейтарап пікір ұстанады. 15%-ы болашақ атом энергиясында деп есептейді. Ал, 36%-ы жүзеге асырылып жатқан шаралардан хабарсыз екен.

MediaNet халықаралық журналистика орталығы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрдоған партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді
Next Article Украина Ресей шабуылына дайындалып жатыр

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.