Словакияның жаңа президенті отанына қызмет етудің теңдесіз үлгісін көрсетіп отыр. Наурыздың 29-да сайланған Андрей Киска мемлекет басшысы лауазымын атқаратын мерзім бойына айлықтан бас тартты. Ол, тіпті, сайлауалды науқанға да өз қаражатын жұмсапты. Шығын мөлшері президенттің бес жылдық жалақысынан да асып түскен екен.
Словакия президентінің табысы жылына — 600 мың еуро. Ал, Андрей Кисканың жылдық пайдасы шамамен 700 мың еуроға тең.
Киска саясатқа жақында келген. Дегенмен, ол бұған дейін де өз елінде онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсететін «Мейірімді періште» бейкоммерциялық қорының негізін салушы ретінде өте танымал болған.
«ҚАЗАҚСТАН» РТРК АҚ


