Қазiргi күнi республикамыз дағдарысты кезеңдi бастан өткерiп, қоғам өркениеттi даму жолына түсiп келе жатқан жағдайда тарих ғылымы дел-сал күй-ден қайта жанданып, өрлеу үстiнде. Осындай ғылыми жаңғыру республикалық “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының жұмысынан да байқалады. Орталық “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасының негiзiнде айтарлықтай iзденiстер жүргiзiп, қомақты нәтижелерге қол жеткiзуде. Орталық ғалымдары мен қызметкерлерi Орта жүздiң Керей тайпасының тарихын толығымен зерттеп, бiрнеше том еңбектер даярлап шығарды.
тиражы 1000 дана.


