Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Депутат Қазақстанның көші-қон органынан оралмандарға қатысты кедергіні жоюды сұрады
Жаңалықтар

Депутат Қазақстанның көші-қон органынан оралмандарға қатысты кедергіні жоюды сұрады

09/04/20140
Депутат Қазақстанның көші-қон органынан оралмандарға қатысты кедергіні жоюды сұрады

Фото baq.kz сайтынан

«Қазақстанның көші-қон органдары елге келгісі келетін оралмандарға қатысты жасалатын кедергілер жойылуы керек», — деді бүгін Мәжілістің отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков. Сондай-ақ, Ішкі істер министріне жолдаған сауалында депутат Қазақстанға оқуға келген шетелдік қазақ жастарына азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін қалпына келтіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөз арасында 2012 жылдан бастап Қазақстанға келетін оралмандарға берілетін квота Үкіметтің ерекше шешіміне дейін тоқтатылғанын айтқан депутат, 2008 жылдан квота тоқтатылғанға дейін оралмандарға 40 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп келгенін жеткізді. Бұл өз кезегінде қандастарымыздың Атажұртқа орнығып кетуі үшін үлкен қолдау болған. «Алайда, квота тоқтатылғанымен шетелдегі қазақ қандастарымыз өз Ата жұртына бұрған көшін әлі тоқтатқан жоқ. Дегенмен, енді олардың елге сіңіп кетуі үшін жаңа кедергілер пайда болып отыр. Бұны оралмандар көшіқон органдарындағы қағазбастылық пен бюрократизмнен көріп отыр», — деді Жамбыл Ахметбеков Ішкі істер министрінің атына жолдаған сауалында.

Мәселен, Қытайдан келген оралман Ауыт Мұхибектің айтуынша, Қазақстанның көші-қон органдары олардан негізсіз екі анықтама талап етеді, олар: келген елдің рұқсат қағазы (келу қағазы) немесе 5-і нөмірлі Қазақстан Республикасына тұрақты келуі жайлы рұқсат қағазы және сотталғаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны жайлы анықтамалар.

«Бұл анықтамаларды Қытайдың құзырлы органдары ешқалай да бермейді. Өйткені, азаматтарға төлқұжат берер алдында осы анықтамалар жинақталып, ескеріледі әрі төлқұжат тек шетелге шығатын азаматтарға ғана белгіленген тәртіппен ғана беріледі. Ол тәртіпті Қытайдың Бүкілмемлекеттік Халықтық құрылтайы бекіткен. Өстіп, «Қазақстанға көшпекші едім, маған, менің отбасыма осы екі анықтама беріңіз» деген адамға қытайлық құзырлы органдар өз заңдарындағы нормаларды көрсетіп, көзіңізді шұқиды. Қазақ билігінің сауатсыздығын бетіңе басып, мазақ қылады» деп жазады оралман ағайындар», — дейді Ж. Ахметбеков.

Осылайша, Қытай тарапы өз азаматтары төлқұжат алғаннан соң әлгіндей анықтамаларды бермейтін болса, Қазақстан билігі басы артық құжаттарды сұрап кедергіні қолдан жасап тұрғандай. «Екінші мәселе, бұрын Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқуға түскен қазақ жастары сол білім мекемесінің жатақханасына тұрақты тіркеуде тұрып, Қазақстанның азаматтығын алатын еді. Бұл жеңілдік те біраздан бері алынып тасталған. Оқуын бітірген соң жастар, Қазақстанның толыққанды азаматы болмағандықтан келген еліне кері қайтуға мәжбүр», — дейді Ж. Ахметбеков.

Осыған орай, депутат Ішкі істер министрінен елге келгісі келетін ағайындардан басы артық құжатты талап етуді және Қазақстанға оқуға келген шетелдік қазақ жастарына жеңілдікпен азаматтық беру мәселесін қарастыруды сұрайды.

 

Автор: Қанат Қазы
tengrinews.kz
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанның саяси тәуелсіздігі сақталады және оған ешкім қол сұқпайды
Next Article Қанат Ислам: «Мэйвезердің өзімен жұдырықтасуға дайынмын»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.