Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»Қанат Ислам: «Мэйвезердің өзімен жұдырықтасуға дайынмын»
Спорт

Қанат Ислам: «Мэйвезердің өзімен жұдырықтасуға дайынмын»

09/04/20140

Кәсіпқой боксқа ауысқанына көп уақыт өтпесе де Қанат Ислам WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) белбеуі үшін жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

«Кәсіпқой боксқа ауысқалы 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Өткен жылы Кариб аймағының ең үздік боксшысы атандым. Биыл Латын Америкасы елдері арасындағы WBА белбеуін жеңіп алдым. Мұнымен тоқтап қалмасым анық. Мен енді бүкіл әлем бойынша WBA нұсқасының чемпионы атануды көздеп отырмын. Ол үшін бар күш-жігерімді саламын» деді Қанат «Литер» газетіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, аталған межеге ағымдағы жылдың соңында-ақ жетуге мүмкіндік бар. Келесі кездесуін ол 26 сәуір күні Доминикан Республикасында өткізеді. Бұл жекпе-жекті жеңген жағдайда Қанат WBA рейтингінің 8-ші сатысына көтерілмек (қазір 11-ші орында). Демек, чемпиондық белбеу үшін болатын күреске бір қадам жақындайды.
«Менің салмағымда мықты қарсыластар көп. Ең мықтысы — Флойд Мэйвезер (АҚШ) мен филиппиндік Мэнни Пакьяо. Мэйвезер шаршы алаңда 45 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңілмеген. Қазір ол әлемдегі ең үздік боксшы. Ал, Пакьяо болса 8 нұсқа бойынша чемпион атанған. Оның жетістігіне әлі ешкім жеткен жоқ. Ол екеуінен бөлек Карлос Молина, Деметрус Андраде, Эрисланди Лара, Мигель Котто, Сауль Альварес сынды мықтылар бар. Олардың ешқайсысы осал емес. Жалпы, мен өзім кәсіпқой боксқа өтер кезде қиын болатынын біліп келдім. Артқа шегінбеймін. WBA белбеуі үшін дәл қазір Мэйвезермен жұдырықтасуға дайынмын» деді Қанат өз сөзінде.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleДепутат Қазақстанның көші-қон органынан оралмандарға қатысты кедергіні жоюды сұрады
Next Article «Қарақас шежіресі»

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.