2016-2017 жылдары Қазақстанда оқ зауыты салынбақ. Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіндегі мақалада айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. . БАҚ-тардың хабарлауынша, аталған өндіріс орны пистолет, автомат жәнеи винтовқалық қаруларға арналған оқтар шығармақ.
Қарулар НАТО стандандартына сай жасалмақ. Ақпарат құралдары болашақ зауытта 150 қызметкер жұмыс істейтіні туралы жазды. Зауыт шикізат ретінде Балқаш жезінен жасалған оқтарды пайдаланбақ. Осы шикізатты пайдалану арқылы оқ жасайтын зауыт сілті қоспаларын, улы лактарды қолдануды шектеп, экологиялаға барынша залалын тигізбеуді мақсат етіп отыр.
2012 жылы KADEX-2012 көрмесі барысында «Казахстан инжиниринг» ҰК «Луганский оқ зауытымен» Қазақстанда оқ-дәрілер өндіру үшін олардың технологиясы мен құпрылғыларын пайдалану үшін келіссөздер жүргізіп жатқандығы белгілі болған. Айта кету керек, 2011 жылы «Мегаполис» газеті Қазақстан мен Луганский оқ зауытының бірлескен жобасына 11 миллион доллар қаржы жұмсалатынын жазған.
tengrinews.kz


