Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында полицейлер суық қару-жарақтық ірі партиясын тәркіледі.
Сақшылар 15 мыңнан астам қару мен 120 мың пышақты тәркілеп, ел аумағында сатумен айналысты деген 15 күдіктіні қамауға алды. Сақшылардың айтуынша, бұл ел тарихындағы қолға түскен ең ірі партия болып отыр. Алдын ала мәліметтерге сай, қылмыстық топ қару-жарақтарды сатуды телефонмен жүргізген. Ақша банктегі арнайы есепшотқа аударылып отырған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
24.kz


