
Оның айтуынша, 2010 жылдан бері қалада ономастикалық атауларды өзгертуге мораторий жарияланған болатын. Аталған мораторий 2013 жылдың 21 қаңтарында «Кейбір заңнамалық актілерге ономастикалық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жарық көруіне байланысты алынып тасталды.
«Ескі заңнама бойынша ономастикалық атауды жергілікті ономастикалық комиссия қарап, мәслихатпен бекіте беретін. Жаңа заңнама бойынша бұл процедура бірнеше деңгейге күрделенді. Енді жергілікті ономастикалық комиссия республикалық комиссияға жібереді. Содан кейін барып, мәселе мәслихатта шешілетін болады. Бірінші кезекте халықтың ұсынысы ескерілетін болды. Бірақ, көшелерге тек қазақ еліне сіңірген еңбегі мол, әрі дау туғызбайтын тұлғалардың есімдері беріледі», — қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов.


