
Дүниежүзі мемлекеттерінің барлығында дерлік өзінің эпиценрінен бөлініп қалған этникалық топтары бар (бізше айтқанда: ОРАЛМАН). Осы қандастарына эпицентрі (бізше АТАМЕКЕНІ) қайткен күнде көмек-қолдау көрсетуге ұмтылады. Бұл іс-әркеттің орындалуының 3 түрлі жолы бар екен:
1. Шеттегі бауырларын зорлықпен қосып алу. Бұл ұлттық мемлекеттің эпицентрі күшейген кезде іске асады. Яғни күшті мемлекет өзінің қуатты тәуелсіздігін пайдаланып, әлсіз елдің еркіндігіне қол салады. Нақтырақ айтқанда, ішкі ісіне еркін араласады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуының өзі осындай жағдайдан туындаған болатын. Германия Чехия жерінде бөлініп қалған қандастарын қосып алу үшін немістер шоғыр қоныстанған Судет районын ә дегенде басып алды. Бұған Карабахты қосып қойыңыз.
2. Құқықтық-демократиялық жолмен екінші бір мемлекетте өмір сүріп жатқан қандастарының қамын халықаралық заңды нормативтер арқылы қорғау. Мысалы, олардың тілінде газет-журнал ашып беру, мектептер салып беру т.б.
3. Өзі толық егемендік ала алмаған мемлекеттердің жағдайы. Олардың бас бұйдасы қуатты сыртқы күштердің қолына өтіп кетеді де, солардың нұсқауымен өздерінің шетелдегі қандастары жау немесе дұшпан ретінде көрсетіледі. Қандастарын жақтырмайтын рухани ахуал пайда болады. біздегі көші-қонның тоқырауына дәл осы үшінші жағдай себеп болуда.


