Шәміс құмар ұлы

шақабай есентәй ұлы қазақ елінің жұңқар шапқыншыларына қарсы соғыс дәуірінде жасаған,елы үшін өшпес еңбек сіңіріп ,жұрт көзіне көрінген елеулі батырлардың бірі. жаудан беті қайтпаған киелі батыр атанған адам. шақабай батыр, үш жұзды айтпағанна да ,күллі орта жүзге аты әйгілі болған,асыресе, керей ұлысының жәнтекей руына ұран болған батыр.
шақабай есентәй ұлы 1688-жылы туылып, 1778-жылы 90 жасында дүниемен қоштасты . оның қабыры семей обылысының ақсуат деген жерінде . батырдың бейтіне қазырге дейін үлкен адамдар барып құран оқиды,ауырып сырқағандар арнайы барып тауап етіп қайтады.
шақабай әулеттері негізінен шинжяң ұйғыр автомялы районның алтай аймағы, санжы хұйзу автомялы обылысы, құмыл аймағы, үрімжі қаласы, гәнсу өлкесінің ақсай қазақавтомялы ауданы қатарлы жерлерге бытырап қоныстанған ,қазақстан ,тұркя,мұңғыля халық респөбірикәсі ,франся қартарлы елдерде де аздап қоныстанған.
шақабай есентәй ұлы бала кезінен жәужүрек батыр бөліп,ел аузына аңыз болып тараған адам . айтуларға қарағанда,шақабай енді ғана 14 жасқа шыққанда ,шешесіне еріп ,нағашысына жолаушылап барады. нағашы атасы шақабайдың бітіміне ,сөйлеген сөзіне дән риза болып ,өзінің атақты қара сұры атын мінгізіп қайтарады . нағашысының ауылы алыс болса керек ,шақабай ауылына қайтқан жолында ,жол торыған қарақшыларға жолығады . жас шақабай дереу ақыл ойлап табады да сол маңдағы жалғыз аяқ жолы бар қысаң сайға бұрыла жөнеледі . қарақшыларда шешелі-балалы екеуін өкшелеп қуады . шақабай шешесін алдына жіберіп ,өзі соңынан тосқауылдай қаша береді. қарақшылар ал дегенде не дауыр тықсырып жақындайды,шақабайдың шешесі қарақшылардан қатты қорқады ,жау алғашында жақындап келгенімен ,жалғыз аяқ сайды өрлеген сайын ,бірден-екіден селдіреп қала береді. сол шақта ,шақабаймен шешесі атты кісі бірден ғана өтетін тас қысаңға жетеді . шақабай :шеше,сіз кезеңге таман шығып ,мені тосып тұрыңыз ,-дейді. үрейленген шешесі : балам,бұл жерге қалма !қалма,балам,-деп баласына жалынады . бірақ атының басына ие болмай ,өрлеп шаба береді . шақабай атынан қарғып түсіп,әтті тасаға байлай салып ,жеңіл шоқпарын қолына алып ,қысаңның біиіктеу,үрімтәл жеріне тұра қалады . ең алдыңғы қарақшыны қысаңнан шыға құлақ шекеден періп кетіп сұлатады,қарақшы ат мойнын құша барып құлайды. оны соңғы қарақшылар байқамай ылгерлей береды,шақабай осылайша арт-артынан он қарақшыны сұлатады. қысаңда пәле бар екенін сезген соңғы қарақшылар алдыңғы қарақшылардың аттарының босап төскейге шауып шыққанын көрген соң қарақшылар қысаңда көп адам бар екен деп ,арттарына қайтып зыта жөнеледі . шақабай қара сұры атына мынып қашқан жауды өкшелей қуады. шақабайдың жауды қуып бара жатқанын көрген шешесі : шақабай ,балам ! тоқта!тоқта,шақабай!-деп артынан қуады . содан бастап шақабай деген есім жау құлағына үрейлі есім болып қалады.
шақабай туралы тағы бір айтылуға қарағанда : жұңқардың қалың қолы керей еліне аяқ астынан шаблу жасап басып келеді . содан аз күн бұрын түйе отарының жәйілімін шалып келуге кеткен шақабай ауылға төніп келе жатқан жауға жалғыз кез болады . жаудан хабарсыз қалды ау деген шақабай ,ауылды құтқару үшін ,ауылға айқын көрінетін ,жаудың алдынғы жағындағы бір төбеге шығып:
шақабай ! шақабай! -деп өз атын айғайлап ,жауды жекпе-жекке шақырады . ауыл адамдары да жау келгенін біледі . қылышын жарқылдатып . кең далада жападан-жалғыз әдәмніңжекпе- жекке шығуы жауларды да қатты сескендіріп тастайды шақабайға қапелымде жұңғар жақтан жекпе-жекке ешкім шыға алмайды . сол орайда ауылдағы қаруланған қалың қол барлық батырдың бастауында ,жұңғар қолына қарсы ұран салып араласады. тамам қол «шақабайлап»ұран салып . жұңғар қолының алдыңғы легінің бетін қайтарады . міне ,содан бастап шақабай киелі батыр атанады.
шақабайдың жасы жәнібектен үлкен бөлсәдә,жәнібектің ерлігін қолдайды ,жәнібектің ел басы болуын қуаттайды ,ақтабабн шұбырындада тоз-топаны шыққан керей ұлысын жинастырып ,басын құрап ,ел санатын қосуға күш салады . шақабай ер жәнібектің ең сенімді серігі қана емес әрі оның ұстазы еді,өл өзінің қылышкерлік ,қамшыгерлік өнерін ешқандай бүкпесіз ,ерінбей-жалықпай жас жәнібекке үйреткен ( бұл жөнінде «ер жәнібек»рөмәніндә егжей- текжейлысыбаяндалған болатын) . озы тұрғылас әрі озымен үзенгілес батырлар бұқарбай ,жабай,жобалай сяқты батырлармен тізе қоса отырып ,жұңғарлардың қылышынан ұрқы құрып кетуге шақ қалған абақ керей әулеттерін талай-талай рет жанын тігіп соғысып ,қорғап қалған екен.
шақабайдың немересі- атақты ызқұтты батыр алтай сынды ардақты мекенді ,қараормандай халқын қорғау жолында ,қапылыста құрбан болады . шақабайдың тағы бір немересі-атақты іс батыр ызғұттың кегін алып ,шіңгіл өңірінен еліне ең алғаш рет кең қоныс ашады.
тағы бір айтлуда, шақабайдың 90 жасқа таяп ,екі көзі көрмей қалған кезі болса керек ,атантайдың қайдауыл деген баласы үйде отырған шақабайға келіп :бәтір,немереңіз ызғұтты мықты болғалы тұрған бала екен,өзі теңдес балаларды бірден -бірден алып соқты ,оған ешкім тең келмеді дейді . сонда шақабай оң қолымен от басын сипаған екен ,қолына бір уыс асық ылыныпты . сонда асықтарды шеңгелдеп тұрып :әй ,тайыр-ай. алып соғып ,басып жатты дейсің онда екеуіде жығылыпты ғой ,быз ондай жыққанды жықты демейміз,бәлә кезімізде түрегеп тұрып лақтырып жіберуші едік деп . қолындағы асықтарды күтірлете сыққанда ,асықтар үгітіліп кеткен деседі.
ел ішінде тараған тағы бір аңызда,шақабайдың қатыгез,жаужұрек адам болғандығы айтылады ,шақабай жәйлі ел арасында аңыз көп ,тыпты,қамшыгерлігі туралы аңыздарыда аз емес ,шақабай бір жолы екі ұрулы елдің азаматтары әлде ненің дауымен қырқысып,соғысып жатқанда ,үстіне түсіп қалады . бұларды тоқтаңдар деп айғайлап тоқтата алмайды . өгдеп соғысып жүрген екі жақтың екі батырының ортасына барып:
-қырыласыңдар ма?тоқтаңдар! деп екеуіне екі қамшы сілтейді . екеуі де аттан ұшып кетеді . сүйтіп ұрыс тоқтайды . бірақ ,әлгі еқы жігіттің біреуі өліп қалған екен . шақабай таң қалып:
-әкәу! қамшы түгізген жоқ едім ,бұл қалайша өліп қалды екен?киімін шешіп көріңдерші,-
дейді киімін шешіп көрсе,өлген жігіттің үстіде түскен қамшының ешқандай табы жоқ болып шығады . содан кейін ,халық шақабайдың қолында кие бар деп аңыз етіп кетеді.
бір кезде ,жұңғарлардың қанды қырғынында ,ерлер етігімен су кешіп ,арғымақ ауыздығымен су ішкен қиын-қыстау күндерде ,халқына қорған,,елыне ұран болған батыр бабамыздың ерлік еңбегі халық жүрегінен мәңгі өшпек емес. шақабай есімі тек жәнтекей ұруы ғана емес ,соңғы кездерінде ,аласапыран қанды қырғын жылдарында алтай еліне ортақ ұранға айналған кездері де болды.
шақабай есентәй ұлы бір ұлыстың ғана емас,қазақ халқының елін жаудан қорғаған елеулі батырлардың бірі . ол жңқар шапқыншылығы заманында халықты өзінің нар кескен қанжармен қорғап келсе ,соңғы замандарда ,яғни батыр дүниеде өткеннен кейін,өнің ардақты аты ұран болып ,халықтың қилы-қилы игі істеріне рухани жақтан жебеуші болып келді . батыр 90 жылдық ғана өмір жасағанымен ,оның рухы, оның халқы мәңгі жасай бермек.


