Аңыздарда ертедегі батырлардың айдаһармен алысып елін қорғайтыны айтылады. міне осының дәлелі, Ер Жәнібек ұрпақтарының қолынан оның алысып өлтірген айдаһар қүлағының сақталуы.
Батыр ұрпағының ғана емес түтас қазақ халқының қүнды мұрағаты болған Жәнібектің ақ туының 1958 жылы әпербақандардың кесірінен жоғалыуы өкінішты, кәрияларымыз айтуынша сол тумен бірге жүретін айдағардың төбе сүйегі болатыны бүл күнде бірде айтылып бірде айтылмағандықтан елеусіз қалып келген, енді міне өз дәуірінде батырдың елге төнген қатерге басын бәйтігіп айдаһармер алысып өлтірген ерлігінің куәсі, Өскемен қаласында тұратын батырдың ұрпағы Дүйсенбай шаңырағы Тиянақ (Биғайша) әжеміз сақтап келген, айдаһардың (әб жылан, маң жылан) құлағы сынды заттық дәлел батыр бабамыз жәйінда бүгінге жеткен айдаһармен алысқан аңыздың шындық екендігінің куәсі.
Батыр бабамыз мұраларын көзінің қарашығындай сақтап келген батырдың ұрпақтары, туын салған сандығын сақтаған Алтай аймағы Шіңгіл қаласында түратын Зарлықан шаңырағы Тоқтаған әжеміз. Батырдың саптаяғын, өмілдірік, қүйысқанын сақтаған Семейдің Жәйсаң қаласының Айна бұлақ ауылында тұратын Нұрғазы шаңырағы Бәтіш әжеміз, батырдың туын ораған бұлын, кездігі мен қалтасын сақтаған Сауан ауданы Щй гобй қалашығында түратын Мақсұтхан шаңырағы Бәтіш әжеміз. Батыр өлтірген айдаһар (әб жылан, маң жылан) дың құлағын Өскемен қаласында тұратын Дүйсенбай шаңырағы Тиянақ (Биғайша) әжеміз сияқты ұрпақтарының қолындағы мұрағаттары батырға қатысты аңыз, хиқаялардың шындық екенін, батыр бабамыздың ерлікке толы ғұмырының жауһары болмақ.
Үмбетай жырау Абылай ханға Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазасын естірту жөнідегі толғауында орта жүздің бес тірегі деп мыналарды айтып өтіпті:
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан.
Қашпаған қандай ұрыстан,
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек.
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Абылай сенің тұсыңда,
Сол бесеуі болыпты-ай.

Биыл ЕрЖәнібек батырдың туғанына 300 жыл. Қазақ елін Жоңғар шапқыншылығынан қорғауға аса үлкен еңбек еткен, Абылай ханның бас батырларының бірі, әрі бірегейі болған Бердәулетұлы Ер Жәнібектің 300 жылдық мерей тойы елімізде кең ауқымды аталып өтіледі.
Байахмет Жұмабайұлы
kerey.kz


