Сәмек туралы
Сәмек (1740 ـــ 1810) Өралтайға алғаш келгендердің бірі. Өзінің ерен батыр, шешен, парасаттылығымен молқының бір табы құлдың иесі болып әрі ұранына айналған адам. Сәмек ел өрге аумай тұрғанда ордың «қарағаш» деген жеріне елу неше түтіннің қаракерейдың ішінде отырады екен де, керейдің жаппай ауып жатқанын естіп, «телім өмір тірлік болмайды, оданда елмен бірге бірлік құрып, тірлік етейік» деп елін жинап көшеді, әсіресе құлдың бірі қошетер қаракерейге әбден бауыр басып кеткен соң, оны да әдыс — амалмен көшіреді де, аққабадан өтеді (қазіргі қаба ауданындағы сәмек асуы содан қалған) . Ол елін Өралтайға өткізіп, асу бермес қиындардан асып, егілме құм, жарқабақты еңістен жол тауып, қар шаңғымен жылқы қуып, елін асыраған ержүрек батыр еді. Әне сол сәмектің ертістегі тағы бір өткелін «мәмек өткелі» дейді екен.
Сәмек Өралтайға елін орналастырған соң керей мен найман арасындағы үлкен дауға барып шешімге араласады, сонда молқы жанторы «дауды сәмек он екі керей атында шешсе, біз соған мақұлмыз» деген соң, сәмек «ел айналады, иә, қой болады, қоз болады, келесі жылы өзі болады, ат тұяғын тай басады, ит аузына түскен нәрсе жаншылмай шықпайды, өзіміз ауған ауылмыз, атыма тай, қойыма қозы, атаныма тайлақ алсам болды» деп дауды бітірген. Бұнысы бұрынғы қуғынға кеткен малдың көзі, өзі деп отырмай, саны бойынша қайтарса болды дегені екенін ұққан әр екі жақ мақұл болады. Осындай ерлігімен, былымдарлығымен елдің билігін алған екен.
Осы сәмек бабадан байқара бай болды. Сәмек айтқанда «байқарадан дән кетпейді, барқыдан билік кетпейді» деп екі ұлына баға береді. Сол байқара шіңгіл жерінде сары уаңға берерін беріп жүріп «қызыл шілікті» сұрап алады. Кейін бұл жерді тәукеге берген екен.
Бибөлсін (байболсын) елінің шіңгілге баруы
1851 — жылдарда шіңгілбәй, мыңбай дегендер қаба жерінен өрлей жер шала келіп, қазіргі шіңгіл ауданы отырған жердің әсілгі аты «шыбартобылғы» жеріне келіп, онда жерге белгі ретінде жер ошақ тасын, күлдерін көміп кеткен екен.
1860 — жылдары байболсын (1880 — жылдар қаза болған деседі) елін өрлете көшіріп келе, бұл өңірде отырған саруаң өркесін (ордасы) шағанқолға тіктіріп отырғанын естиді де, қасына ақылшы қожәмбет (елу жастарда), Бөке (16 жастарда) бастаған бірнеше адамды ертіп, қозы көш жерден жаяулап саруаңның өркесіне келеді.
Саруаңға хабаршылар жаяулай келіп, әр жерде маңдайымен жер ұрып келе жатқан Қазақтың жайын жеткізгенде, мұндай жол — жосынға жүйрік әрі білімді адамның бекер адам емес екенін аңғарған саруаң дереу қабылдап, қызу күтіп алады да, арада жөн — жайын сұрайды. Сонда бибөлсін:
ـــ Осылай өзен өрлеп іргеңізге келіп қалған жайымыз бар, аңғарлы да айбатты өзіңізге сәлем бере «ежелгі жұртымыздан қоныс берсе екен» деп келіп отырмын, ـــ дегенде саруаң селт етіп:
ـــ қаңғып келе жатып, ежелгі жұртың не, ـــ деп зірк ете түседі.
ـــ акау, тақсыр, сіз білмейді дегенге мен сенбеймін, мына шыбартобылғының бойында ата — бабамның от жаққан қонысы жатпай ма, ـــ дейді бибөлсін. Бұл сөзге ойланып қалған саруаң уәзірлерін шақырып:
ـــ мыналардың айтқан жерін көріңдер, расында қонысы, от жаққан орны шықса, бердім сол шыбартобылғыны, шықпаса, екінші маңыма жолаушы болмасын, ــــ деп аттандырады.
Бибөлсін келген күйі сол от жаққан тас, күлдің үстінен түсіреді де, ақыры осы маңды өзінің мекеніне айналдырады.
Баяхымет Жұмабайұлы
kerey.kz


