Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Н.Айтмахановтың түсініктемесі
Біз бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары таратқан «Славянсктегі жасақтар арасында ерікті қазақстандықтар бар-мыс» деген ақпаратқа назар аудардық.
Таратылған ақпаратта еріктілердің азаматтығын куәландыратын құжаттардың немесе адамдардың нақты есімдерінің жоқ екенін атап өтеміз. Осыған орай, бұл ақапаратты тексеру мүмкін болмай отыр. Бұл ақпаратты негізсіз деп санаймыз.
Бірақ, дегенмен, біз құзыретті органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты тексеруге тырысып жатырмыз.


