Ресейдің Забайкал өлкесінің Карымск ауданында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті.
Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Мұндай мәліметті аймақтық баспасөз қызметінің өкілдері келтіріп отыр. Қару-жарақ қоймасы атылған соң, жарылыс соңы өртке ұласқан. Зардап шеккендердің денесін күйік шалғаны анықталды. Жараланғандардың төртеуі ауыр хәлде жатыр. Қалғандарына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Жергілікті билік әскери қоймаларға жақын орналасқан 3 ауылдың халқын қауіпсіз жерге көшірді. Олар өзге елдімекендерге қоныстандырылып, туыстары арнайы жасақталған орынға орналастырылды. Аймақ прокуратурасы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Жарылыстар орман өртінен болған. Ыстық ауа райы мен күшті жел тілсіз жауды әскери қоймаларға дейін әкелді.
24.kz


