Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының орталығы Үрімжі қаласындағы теміржол стансасында жарылыс болды хабарлайды Қытайдың БАҚ өкілдері.
Оқиға сәуірдің 30 , кешкі сағат 7 шамасында болған. содырлар алдымен адамдарды пышақтап , кейін жарылғыш затты іске қосқан. 3 адам өліп,79 адам жараланған, 4 адам ауыр жараланған. уақыйға жедел тексерілуде. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында орын алған жарылысты қытай билігіне қарсы экстремистік «Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы» ұйымдастыруы мүмкін. Өйткені, бұл ұйым бұған дейін Шыңжаңда және өзге де аймақтарда орын алған бірқатар террорлық-ланкестік әрекеттерді өз мойындарына алған болатын.
Естеріңізге салайық, наурыз айында Юньнань провинциясына қарасты Куньмин қаласының вокзалында бетперде таққан қара киімді белгісіз бір азамат ланкестік әрекетін іске асырған болатын. Оның салдарынан 28 адам қаза болып, 130 тұрғын жарақаттанды. Сол кезде қытай билігі бұл жайға «ұйымдасқан террорлық акт» деп баға берген еді. Жергілікті билік таратқан мәліметке қарағанда, Қытай тарихындағы ең үлкен ланкестік әрекеттердің артында ұйғыр сепаратистері тұр. Тергеушілер оқиға болған жерден бұл әрекетті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының сепаратистері жасағанын дәлелдейтін деректер тапқан.


